12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз

Келес аудандық пробация үйінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жиын өтті.

Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нүрдәулет Аширбае жеке құрамға түсіндірме жұмысын жүргізді. Ол пробация бқлімшесінің ұжымына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруы, заңмен белгіленген шектеулерді сақтау жөнінде мәселелерді түсіндірді.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып та-былады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз — бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе — бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», — деген екен ежелгі ойшыл ғалым. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын, — деді әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Аталған жиын барысында Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиын соңындаа әділет майоры Н.Аширбаев әрбір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке, адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап , тиісті деңгейде жұмыс атқару керек екендігін де тілге тиек етті.

Раушан Нарбек
Түркістан облысы

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...