БҰҰ әлемді жаппай ашаршылық күтіп тұрғанын болжады

Әлемдік қауымдастық қазіргі азық-түлік дағдарысын елемейтін болса, жаппай ашаршылық, саяси тұрақсыздық пен бақылауға келмейтін миграцияға тап болуы мүмкін. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новостиге” сілтеме жасап. 

«Біз қазірдің өзінде бұрын соңды болмаған дағдарысқа тап болып отырмыз. Онымен стратегиялық тұрғыда және тиімді түрде күреспесек, бізді жаппай ашаршылық, ондаған мемлекеттердің тұрақсыздығы мен жаппай көші-қон күтіп тұр», — деді Бизли. 

БҰҰ өкілі келер жыл биылғыдан қарағанда әлдеқайда «нашар» болуы мүмкін екенін болжады. Сонымен қатар, Бизли әлемдік қауымдастық алдағы 6-12 ай бойы азық-түлік бағасының қымбаттауынан қиыншылықтарға тап болу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. 

Бизлидің пікірінше, Ресей мен Беларусьтен әлемдік нарыққа тауар жеткізуге шектеу қойылғандықтан, жағдай ушығып отыр. 

«Абайға құрмет»: Семейде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Бүгін Семей қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге...

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі...

Сот реформасы – әділдік пен халық сенімін арттырудың маңызды тетігі

Сот – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін...

Кадры для авиации

В столичной воздушной гавани намечено стратегическое партнерство в сфере...

Живая связь поколений

Что такое патриотизм для казахстанцев? Это не абстрактное чувство,...