12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Мемлекеттен жәрдемақы шығарып беремін» деп тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Түркістан ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел «мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150 000 теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркелді.

Хабар алысымен түркістандық полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Осылайша жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп, 3 тұрғыннан 150 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде полицияның жедел желісіне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...