Сотталғандарға 27 жыл қамауда отырған Нельсон Манделаның күрескер өмірі жайлы ақпарат берілді

Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай , ЗК-169/1 тергеу изоляторына мемлекеттік емес, « Жігер қоғамдық қоры» психологы Тілеуова Жанагүл Амантаевна келіп, сотталғандарды жеке қабылдады. Арнайы маман жазасын өтеушілермен әңгімелесу барысында, Нельсон Манделаның қайраткерлік өмірін, яғни оның қайтпас қайсарлығы, ерлікке толы жалынды жылдарын үлгі етіп айтып берді. Халқының теңдігі үшін күрестің ұлттық символы болған Нелсон Мандела саяси көзқарасы үшін 1962 жылдан 1990 жылға дейін түрмеде отырды. 27 жыл қамауда болғаннан кейін ол 71 жасында бостандыққа шықты.

Ол кісі жас көрінетін. Жас кезінен бастап, денесін тіп-тік, ширақ ұстайтын. 80 жаста марафондық жарысқа қатысқан. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, 1994 пен 1999 жылдар арасында Оңтүстік Африканың президенті. Адам құқығын қорғау жолындағы күрескер. Ел қаһарманы. Апартеидке қарсы шыққан халық батыры. Әрқашан адам баласын жақсылыққа шақырып, мейірімділік жолында ізгілік танытуды қалайтын. Нелсон Мандела 2013 жылы 5 желтоқсанда Йоханнесбургте 95 жасында қайтыс болды. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Нелсон Мандела Халықаралық күні ретінде 18 шілдеде Манделаның туған күнін белгіледі- деп, қайраткер тұлғаның өмір жолы жайлы ғибратты әңгіме өткізді.

— Бүгінгі психологпен өткізілген кездесу әсерлі, пайдалы болды. 27 жыл қамауда болса да, еңсесі түспей, алдыңғы күнге зор үмітпен қарап, бостандыққа шыққан соң, өзгелердің игілігі үшін ізгі амалдар жасаған күрескен Манделланың өмірінен өзіме зор мотивация алдым — деді, сотталған Н. есімді азамат.

«Жамандықтарды жоятын адам, жасайтын да өзі…». « Нағыз еңбек – құлап қайта көтерілу.» деп, Манделло айтпақшы, қайраткер тұлғаның өмірі жаза басып, жаңылысқан өзге сотталғандардың да санасына саңлау түсіріп, ой қозғады деп сенейік.

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семейде түзеу жолындағы маңызды қадам: сотталғандар мен қоғам арасындағы байланыс нығаюда

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Семей қалалық пробация...

Телемост как шаг к исправлению: в Семее укрепляют связь между осуждёнными и обществом

В службе пробации города Семей Департамента уголовно-исполнительной системы по...