12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Досының дүкеніне ұрлыққа түскен жас жігіттер қолға түсті

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, ақша мен сусындарды ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 50 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Саурандық сақшылар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар екі жас жігіт, ауыл тұрғындары ұсталды.
Анықталғандай, күдікті екеу арызданушының ұлының досы болып шықты. Олар түнгі уақытта дүкенде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, терезесі арқылы кіріп, ақша мен сусындарды жымқырып кеткен. Қазіргі таңда жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Тұрғын үйлер мен дүкендердің, ғимараттардың терезесіне темір тор орнатып, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Поздравили тружеников тыла

Сотрудники учреждения №17 и председатель Ветеранов учреждения №17 Петров...

Труженицу тыла с 90 летним юбилеем поздравили сотрудники акмолинской колонии

День Победы встречают наши ветераны. К сожалению, все меньше...

КАЛАЧИ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ ҚАЛАЙ?

Ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша...

Руководство ДУИС поздравили ветерана, приравненного к участнику Войны

Чевствование ветеранов - одно из добрых мероприятий, ставших традицией...

Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы,...