12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында жыл басынан бері 280-нен астам жол апаты мен жолға қатысты 270 000-нан астам құқық бұзушылық тіркелген

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының тіркелімі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға төмендеген. Яғни жыл басынан бері өңірде 283 жол апаты орын алған. Өкінішке орай соның салдарынан 93 адам қайтыс болды…

Десекте бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға төмен. Жалпы жол-апатын қайтсек азайтамыз? Негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке құрам қызметкерлері жол апатын болдырмау, алдын алумен қатар, осы жол қозғалысы ережесінің сақталуын қатаң бақылауда ұстайды. Көшеде ары-бері зулаған көліктерді жіті назарға алып, жедел-профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажет кезінде жаднамалар таратуда. Жол апаттарының себеп-салдарын саралап айтар болсақ, ҚР ҚК-нің 346-бабы «КҚ жүргізу құқығынан айырылған, алкогольден, есірткіден масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, басқа адамға беру» бойынша 25 дерек анықталған. Маневр жасау ережелерін бұзу салдарынан 17 жайт, елдімекендерден тыс жерлерде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 48 жайт, ал елдімекенде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 84 жайт орын алған. 34 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығумен болса, жол белгілерінің талаптарын бұзумен 35 дерек тіркелген. Сонымен қатар жануарларды соғумен болатын жол апаттары өткен жылы 41 болса, биылғы жылы 36 деректі құрап отыр. Жыл басынан бері барлық анықталған құқық бұзушылықтардың саны 300 мыңнан асса, оның ішінде 270 мыңнан астамы жол қозғалысы қауіпсіздік саласы бойынша анықталған құқық бұзушылықтар. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту мақсатында, «Автобус», «Заңсыз тасымалдаушы», «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, жолаушылар, сондай-ақ жол қозғалысына қатысатын басқа да адамдардың барлығы өзінің жолда жүру ережесін жетік білсе, бұндай олқылықтар болмас еді. Иә, ендігі кезекте Түркістан облысының кейбір жүгенсіз жүргізушілерін тәртіп сақшыларымен қатар, бейнебақылау камералары бақылауда. Киелі Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көптеген ауқымды істер атқарылуда. Оның бірі осы соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларының орнатылуы. Сондай-ақ ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бастамасымен жаңадан іске қосылған «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан ары жандандырылатын болады. Сондықтан, сақ болыңыздар. Өз өміріңізді ойлап, жол қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...