OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған OTBASY FEST отбасылық фестивалі өтті.

⚜️ Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

Фестиваль аясында 2000-ға жуық тұрғын қамтылып, балалар мен ата-аналарға арналған түрлі спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысты.

Фестиваль бағдарламасы таңғы йога және зумба жаттығуларынан басталып, спорттық жарыстар, балалар эстафеталары, ұлттық ойындар, интерактивті алаңдар және шығармашылық бағдарламалармен жалғасты. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, веложарыс және басқа да сайыстарға белсенді қатысты.

🔹 Іс-шараның ресми бөлімінде Астана ауданының әкімі Б.Қырықбаев сөз сөйлеп, фестиваль қатысушыларын құттықтады.

🏅 Мереке аясында 18 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен, 9 отбасылық ансамбль, сондай-ақ «Алтын той», «Күміс той», «Қола той» аталымдары бойынша отбасылар марапатталды.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...