Жеке құрам дене даярлығынан сынақ тапсырды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  бұйрығына сәйкес,  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1тергеу изоляторының жеке құрамына  аралық тексеру мен дене шынықтыру даярлығынан сынақ қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Сынақ барысында, мекеменің кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы  жөніндегі инспекторы, әділет капитаны, М.Тұрымбетовтың ұйымдастыруымен алдын ала сынақ тапсыру күндерінің кестесі құрылды.

Кестеге сәйкес, жеке құрам қызметкерлері Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда 60м, 100 метрге және 1километрге жүгіру мен өздерінің таңдауы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай, турник пен брусияға тартылды.

Сынақ кезінде барлық қызметкерлер күш пен төзімділікті, дәлдік пен шапшаңдықты көрсететін бірнеше нормативтерді тапсырып, дайындықтарының өз дәрежеде екенін көрсете алды. Алғашқы болып сынақ тапсырған РжКБ-нің бақылаушылары, әділет аға сержанты  А. Арынғазиев, әділет сержанты Бақыт Ұлан, ал нәзік жандылар арасынан әділет старшинасы Тоқжолова Ақмарал болды. Олардың бірі, жүгіру бойынша, енді бірі белтемірге тартылу бойынша  нормативтерін  өте жақсы деген баға орындап шықты.

Бұл жетістіктерге  ерік – жігері және үнемі дене шынықтырумен айналысудың арқасында жеттік — дейді, әділет старшинасы А. Тоқжолова. «Жеке құрам  әрдайым  сынақ нормативтерін орындап,  өте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Алдағы уақытта да, олардың  кез-келген сынақты еш кедергісіз бағындыратынына сенім артамын» – деді, ұйымдастырушы маман, капитан Мейрамбек Тұрымбетов.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...