12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мекемеде бақылаушылар кеңесі өтті

ҚАЖ мекемелерінде бақылаушылардың қызметі зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, мекеменің бақылаушылары сотталғандарды қадағалау жұмыстарын және мекемені, сотталғандар жұмысқа орналастырған өндірістік объектілерді,режим талаптары бекітілген,оларға іргелес жатқан аумақтарды күзетеді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің 14 бақылаушысы қызмет атқарады.

Мекеменің бақылаушылар қызметі сотталғандарды мекемелерден өндірістік объектілерге және кері қарай айдауылдау, сотталғандар орын ауыстырған кезінде оларды күзету, күзеттен қашқан адамдарды іздестіру және ұстау, топтық бағынбаушылықтарды және жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату және мекеме аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару), сонымен қатар ҚАЖ қызметкерлерінің, азаматтардың және өзге де тұлғалардың мекеме аумағына арнайы рұқсаттар бойынша кіру және болу тәртібін ұйымдастыру бойынша өткізу тәртібін жүзеге асырады.

Күнделікті таңертеңгі жұмыс барысы мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Жандос Әбдіқайыровтың бақылаушыларға нұсқама жүргізуінен басталады. Жиын барысында бақылаушыларға сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды және сотталған азаматтармен байланысқа түспеу керектігін ескертті.Қызметкерлер азаматтармен оның ішінде сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын болғандықтан, олардың сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керек, — деді мекеменің кезекші бөлімінің бастығы, әділет майоры Жандос Әбдіқайыров.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...