Қатаң режимдегі түзеу мекемесінде «Құрбан айт» мерекесі аталып өтті

«Құрбан айт» еліміздің басты мерекелерінің бірі болып саналады, демек мемлекетіміз көп ұлтты, зайырлы мемлекет болғандықтан бұл мерекені Қазақстан халқының барлығы ат салысып тойлауға тырысады. Осы себепті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті ОВ-156/14 мекемесінде де бұл мейрам ерекше аталып өтті. Сотталғандар арасында ұйымдастырылған мәдени-спорттық іс шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жасақтар арасында волейбол, арқан тарту және гир көтеруден жарыстар өткізілді. Аталған іс-шараға сотталғандардың басым көпшілігі қатысып, ең үздіктері анықталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және арнайы грамоталармен марапатталды.

Осындай мерекелерге арналған көпшілік іс-шаралар мекемемізде өте жиі ұйымдастырылып отырады, себебі спорт пен мәдениет барлық сотталғандарды біріктіріп, араларындағы психологиялық микроклиматты нығайтуға өз септігін тигізеді деп мекеме бастығы әділет полковнигі Самат Ахмеджанов өз пікірімен бөлісті.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...