27 C
Алматы
Четверг, 14 июля, 2022

Түркістан облысында зейнеткердің банк кәртішкесінен заңсыз ақша алған ер адам ұсталды

Түлкібас ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келді. Яғни зейнеткер әйел өзінің банк кәртішкесін жоғалтып алған. Алайда оның ұялы телефонына банк есепшотынан ақша алынғандығы туралы «SMS» хабарлама келіп түскен. Мұндай жағдай 2 ай бойы қайталанған. Жәбірленуші дереу полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Хабарды алған түлкібастық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Осы құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні табуға қажетті жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы әрекет жасаған полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті ер адам зейнеткер әйелдің жақын көршісі болғандықтан оның банк кәртішкесінің құпия сөзін бұрыннан білетін болып шықты. Ал зейнеткер әйел кәртішкесін жоғалтып алған сәтте, оны көршісі тауып алған. Алайда ол зейнеткерге тиесілі затты қайтарып берудің орнына құпия сөзін білетіндіктен, өзінің арам ойын жүзеге асырған және мұндай қадамға бірнеше рет барған. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алынған ақша мен банк кәртішкесін толықтай заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез келген адамға сенбеуді, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости