Пробация есебіндегі сотталғандарға ет таратылды

Құрбан айт мерекесі мұсылмандар үшін ең маңызды мейрамдардың бірі болып табылады. Бұл күні мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды, туыстарына айттап барады. Сонымен қоса өзгелерге қамқорлық жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, кеңпейілділікке, мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Жағдайы жеткендер құрбандыққа мал шалып, оның етін тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Қасиетті мерекеде Жалағаш кентінің Иманқұл мешітінде құрбандық малының еті таратылып, Жалағаш аудандық пробация есебіндегі тұрмысы төмен 2 азаматқа да ет берілді.

«Барша мұсылмандар үшін ұлық мерекеде біз сияқты мұқтаж жандарға көмек беріп, ізгі амалдар жасап жатқан азаматтарға пробация қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Құрбан айт мүбәрак болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін!», — деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

ҚАЖ жүйесіндегі өндіріс саласының дамуына тағы бір маңызды қадам

Президент Әкімшілігінің тапсырмасы аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша...