Тергеу изоляторының жертөлесінде «ыстық тұман» дезинсекциялық жұмысы жүргізілді

ЗК- 169/1 тергеу изоляторында жаз айының келуіне байланысты, шыбын-шіркей мен масаның көбейіп кетпеуінің алдын алу мақсатында санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Ол үшін жыл басында қаладағы ЖК «Маханбет дезинфекция мекемесімен ғимаратқа дезинсекция дезинфекция, дератизация жұмыстарын жүргізу қызметімен келісім шартқа отырған болатын. Сол жасалынған шарттың негізінде 3- тоқсан шеңберінде жоғарыда аталынған санитарлық орталықтың мамандары кезекті жұмысын жүргізіп кетті.

Бұл жолғы жұмысымызды біз, дернәсілдер көп шоғырланатын дымқылды жер, мекеменің арнайы контигенттер ұсталынатын ғимаратының жертөлесі мен бос тұрған қоймасында өткіздік.

Адамдар жүріп тұрмайтын жертөле мен қоймада қансорғыштарды жою үшін термогенераторлы «ыстық тұман» қолдандық.

Жұмыс барысында ҚР әдістемелік нұсқауларында бекітілген және рұқсат етілген арнайы химиялық препараттар пайдаланылды.

Шыбын- шіркейді улау барлық сақтық шараларын сақтай отырылып, жүргізілді.

Яғни, өткізілген дезинсекциялық жұмыстың қамаудағылар мен мекеме қызметкерлерінің денсаулығына еш зияны болмайды — деді, дезинструктор Даниярова Қаракөз.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...