Бес азаматтың ереже бұзғаны анықталды

Түркістан облысы көлемінде «Пробациялық бақылау» атты профилактикалық іс-шара өткізілуде. Осы шара барысында Жетісай аудандық пробациялық бақылауда есепте тұрған 2 адам бас бостандығынан айыруға, 1 сотталғаның пробациялық бақылау мерзімін ұзартуға жолданды. Ал, 5 сотталғанға ескерту жарияланды. Атап айтар болсақ, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылау, олардың тарапынан жасалынған құқық бұзушылықтарды жүргізіліп дер кезінде анықтау және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын-алу мақсатында өткізіліліп тұрады.

Осы орайда Жетісай аудандық пробация қызметкерлері мен аудандық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнана оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, олармен кездесіп, әңгіме жүргізілуде. Бұл жедел-профилактикалық іс-шара барысында шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған тұлғаның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасауы сынды жұмыстардың алдын-алу нәтижесіне талдау жасалынды.

Сондай-ақ, аталған жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Жетісай аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың пікірін тыңдап, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, қоғамдық ортаға бейімдеп, жұмысқа орналасуына ұйытқы болуды жоспарлап отыр. Осындай жобаның арқасында қоғамдық тәртіп бір жүйеге келіп, құқық бұзушылықтар барынша азайады деген сенімдеміз.

Осындай тексеру жұмыстарының нәтижесінде 5 сотталған азаматтың жаза өтеу ережесі бұзғандығы анықталып, оларға ескерту жарияланып жергілікті сотқа ҚР ҚК-нің 44 бабы 3-тармағына сәйкес ұсыныс жолданды. Біздің мақсатымыз, пробация есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан қылмыстың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, олардың қоғамға бейімделіп жұмысқа араласуына, кәсіпкерлік бойынша білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотты болған азаматтардың біршамасы жұмысқа орналасып, олардың арасында өзінің кәсібін бастағандар да бар, — деді Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ділшат Назаров.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында шағын футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі бөлімшесі Абай...