12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар сот жүктіген міндетті бұлжытпай орындауда.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық Пробация қызметінің қызметкерлері «Пробациялық бақылау» атты профилактикалық шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы және жұмыс орны бойынша тексерді.

Аталған шараға Пробация бөлімі қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік мағынада әңгіме жүргізеді.

Бұл бастаманың басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында оларды тіркелу барысында тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандармен де түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пробация қызметі өз тарапынан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерді тәрбиелік жолға салып, қайта қылмыс жасауды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.
Қазіргі уақытта елімізде Пробация қызметі жүйелі дамып келеді. Бұл – мемлекетіміздің абайсызда қылмысқа ұрынып, жаза басқан азаматтардың қоғамға бейімделіп, қайта қылмыс жасамауына ықпал жасайды. Сонымен қатар, олардың түзелу жолына түсіп еліміздің бір бөлшегіне айналуына жол сілтейді. Пробация қызметі– бақылау, қадағалау ғана емес, ол – тәрбиелік шаралардың жиынтығы.

Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты сотталушыны түзеу, өзге де қылмыстардың алдын алу, адамдардың ой-санасына оң ықпал жасап, азаматтардың қылмысқа бармауына барынша ықпал етіп, қоғамның құқықтық сауаттын арттыру. Бірлескен жоспарға сәйкес пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша және жұмыс орындары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді,- деді Түркістан қалалық пробация бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Жасұлан Шарипов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...