12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тексеру барысында 3 сотталғанға ескерту берілді

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменте қарасты Төлеби аудандық Пробация көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел қ профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шара барысында пробация қызметкерлері 25 сотталғанды үйіне және жұмыс орны бойынша қадағалады. Тексеру барысында үш пробация қызметінің есебінде тұратын сотты болған азаматқа ескерту жарияланды. Сот тағайындаған талапты орындамағаны үшін ескерту алды.

Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

  • Ал, жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргізілді. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Төлеби аудандық пробация қызметінің инспекторы Даурен Смаилов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...