12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әнді серік еткен бақылаушы жігіт

Қылмыстық атқару саласы, уақытпен санаспай жұмыс жасауды талап ететін өзіндік қиындығы басым сала. Соның ішінде тергеу изоляторының қатаң тәртібіне бағынып, жұмыс жасап жүрген бақылаушылардың тынымсыз еңбегі орасан зор.

Сондай қызметкердің бірі ЗК-169/1 мекемесінің бақылаушысы, қатардағы Әбдішүкір Асылжан Ғалымжанұлы. Асылжанның күнделікті жұмысы таңғы сегізден, кешкі жетіге дейін жалғасады.

Негізгі қызметтік міндеті, қамаудағы айыпталушылар мен тергеудегілерді және сотталған азаматтарды мекеме ішінде алып жүруді бақылау мен күзету болып табылады.

Сырттай қарағанда заңға тартылған азаматтарды жабық мекеме ішінде алып жүру оңай болып көрінеді.

Бірақ, қауіпсіздігі аралас мекемеде заң шеңберінен аттаған түрлі қылмыскерлермен тікелей жұмыс жасау оңай шаруа емес. Әртүрлі баппен сотталған кәнігі қылмыскерлерден кез – келген сәтте оқыс қимыл туындауы мүмкін.

Сондықтан қатардағы бақылаушы қамаудағыны тасымалдау кезінде әрдайым сақ, қырағы жүреді. Бұл оның өзіне және төңірегіндегілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тым керек-ақ, қасиеттер.

Мен бұл қызметке өз қалауыммен келдім. Әкем Омаров Ғалымжан мен анам Шерубаева Гүлжан Жаңақорғандағы өнер саласының майталман мамандары. Менің де өнер саласына барғанымды қалады. Өйткені мектепте жүргенде әртүрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдім. Бірақ, маған жоғарғы сынып оқып жүргенде алғашқы әскери дайындық сабағы қатты ұнады. Содан ба, болашақта форма киген қызметкер боламын деп армандадым. Өмірлік мамандығым етіп, құқық қорғау саласын таңдадым. Бүгінгі қызметім -нағыз ер азаматтың ісі деп ойлаймын. Ал, ән айту бойымдағы ата-анамнан дарыған өнер түрі болғандықтан, қасымнан бір сәт қалған емес.

Қостанай Академиясында оқып жүргенімде «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып, гитарамен Е.Құдайбергеновтің «Қазақтың жігіттері», әнін орындап ерекшеленіп, бас жүлдені алдым.

Көріп отырсыздар ән менің қызметіме еш кедергі келтірмейді, керісінше өмірлік жолымда өзіммен бірге жасап келеді. Әрі әу, деп ән сала жүріп қошеметке де бөленеді екенсің — дейді погондағы жас маман.

Ия, жігітке жеті өнерде аз демеші, ҚАЖ саласындағы қызметін жаңа бастаған Асылжан Ғалымжанұлының ән айтуы жәй әуестік қана емес.
Қоңыр дауысымен мекеме сахнасында патриоттық әндер орындап көпшіліккке көтеріңкі көңіл- күй сыйлап жүр.

Б.Момышұлы «Соғыстағы ең суық қару — адамның рухы» дегендей,сол рухты көтеруде жеке құрамның бойында патриоттық сезімді арттырып жүрген, Ғалымжанның әндері оның иығындағы погонын асқақтатып тұрғандай.

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...