12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар диплом алды

Тағдыр тәлкегімен темір торға түсіп, өз жазаларын өтеп жатқан сотталған азаматтардың да кәсіптік  білім алуларына  мемлекет  тарапынан жағдайлар жасалған. Олар жаза мерзімін өтеп болғаннан кейін бостандыққа белгілі  бір  маман иесі болып шығады, қоғамнан орынын тауып, мамандығы бойынша  жұмысқа тұра алады.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14  мекемесінде  орналасқан Заречный ауылының «Кәсіптік колледж» білім ордасынан биыл 77 сотталған студент  әр түрлі мамандықтарды игеріп, мемлекеттік  үлгідегі дипломдар алып шықты.

Электргазымен дәнекерлеуші,  автокөлік жөндеу  шебері, сандық ақпараттарды өңдеу операторы, тігінші мамандықтары бойынша  колледж бітірушілеріне білім ордасының басшысы Баилов Берік Шәріпұлы  салтанатты түрде дипломдар тапсырды. ЛА 155/14  мекемесінің бастығы, әділет капитаны Арғынбаев Ұлан Нұржатұлы құттықтау сөзін арнап, кәсіптік білім алудың маңыздылығын атап өтті.

Колледж бітірушілер атынан  Қалиев Азамат оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне ризашылық сезімін білдіріп, алғысын айтты.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...