БАЛҚАШ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ «ҚЫЛМЫСТЫ АШУ» ӘДІСІ БӨЛЕК

Республикалық «Заң газетіне» Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылының тұрғыны Байғұт Жарқынбаев арыз айтып келді. Арыз иесінің сөзінше 2015–2021 жылдары 4 жылқысы, 12 ірі қарасы ұрланған. Осы аралықта полицияға қанша арызданса да, еш нәтиже болмайды. Полициядан қайран болмаған соң, ақсақалдың ақ адал малының қайтпайтынына көзі жетіп, көңілі де сене бастаған. Оның үстіне, көршісі Батырбек Асқарбековтің мұның малына ен салып алғанын көріп, шағым айтып барғанда Балқаш ауданының прокуроры А.Раев «таңбаны қора ішінде салғандықтан, қараңғыда бөтен малды байқамай қалған» деген қисынсыз уәж айтып, бұрынғы ұрлықтар да ашылар деп барған ақсақалдың көңілін су сепкендей басқан екен.

Ауыл тұрғыны Айдо с Әділовтің хабарламасы жоғалғаны кетті, қолда барына қанағат деп можантопай күн кешіп жатқан Байғұт Жарқынбаевтың үмітін қайта оятқандай еді. Батырбек Асқарбековтің малшысы болып жұмыс істеген Айдос Әділов жақында үш сиырды сойып, қалаға жібергендерін, соның бірі осы Жарқынбаевтың бұқасы екенін айтып, сөзін кез келген жерде дәлелдеп беретінін алға тартады. Байғұт Жарқынбаев біреу айтты деп елп ете қалатын, жел сөзге еретін жастағы азамат емес. Полицияға арыз бермес бұрын Айдос Әділовтен оқиғаның жай-жапсарын тағы да пысықтап, біреуге нақақ жала жабудың күнә екенін тәптіштеп ескертіп алады. Осылайша 2021 жылдың 30 желтоқсанында Байғұт Жарқынбаев баласы Жандос Жарқынбаевпен бірге Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне арыз жазып, куәгерді көрсетіп, ұрыдан малын өндіріп беруді сұрайды. Неге екенін жазылған арызды Балқаш полициясы тіркемеген. Бұл полиция тарапынан кеткен ең бірінші қателік. Осы әрекеті арқылы Балқаш полициясы «кез келген арыз электронды тіркеледі. Қылмысты жасырып, жабуға жол берілмейді» дегенді қоғамның санасына сіңірген Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесін жоққа шығарып отырған жоқ па? Әкелі-бала бір ай ішінде полициядан еш қозғалыс болмаған соң, екінші рет 2022 жылдың 28 қаңтарында тағы арызданады. Бұл жолы да арыз тіркелмейді. Тек полицияға қайта-қайта барған соң 04.02.2022 жылғы арыз ғана тіркеліп (талон номері 221936035000205), жәбірленушіге талон берілген. Енді қараңыз, жәбірленушінің арызы бар, Айдос Әділов куәгерлік етіп отыр. Ары қарай қылмысты ашуға не кедергі? Ал полиция қылмысты ашудың орнына «Батырбек Асқарбеков сүттен ақ, судан таза, оның ұрлыққа еш қатысы болуы мүмкін емес» деген сыңайда ауылдың бір топ тұрғынынан түсінік алған. Дұрысы полиция мал ұрланып, Алматыға жөнелтілген күні көзге түскен бөтен көлікті, осы оқиғаға куә болған жандарды іздеуі керек емес пе? Оның орнына олар Батырбек Асқарбековты ақтайтын азаматтар іздейді. Бір қызығы, ұрлық болған күні Б.Асқарбеков өз шаруасымен айналысты, қылмысқа қатысы жоқ деп қол қойған азаматтардың біразы бұл түсінік туралы білмейді, кейбірі тіпті бұл ауылда тұрмайды. Мәселен, А.Сабалақов, Н.Темірбаев, Ф.Молдабайұлының ауылда тұрмайтынын Жиделі ауылының әкімі А.Алтынбаев растап анықтама берген. Ендеше, полицияның Жиделіде тұрмайтын адамдарға «Батырбеков қылмыс жасамады» деп куәгерлік еткізуі қаншалықты қисынды? Жалпы, Балқаш полициясының қылмысты ашудың орнына, куәгері бар қылмысты жанталасып жабуға тырысқаны несі? Редакциямызға арнайы келген Байғұт Жарқынбаев «Осы уақытқа дейін қаншама малым қолды болды. Барлығы сұраусыз кетті. Бұл жолы куәгер табылған соң іске бір қозғау болатын шығар деп едім. Ал полиция жалған түсінік жинап мені жалақор етіп көрсетуде. Енді мен малымды қайтаруды емес, өзімнің таза атымды сақтауды мақсат етіп жанталасып жүрмін» деген базынасын жеткізді. Арыз қолымызға тигеннен кейін Алматы облысы полиция департаментіне сұрау салған едік. 7 маусым күні жолдаған сауалымызға ешқандай жауап келмеді.

А.САТЫБАЛДЫ, «Заң газеті»

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?