ЫСЫРАП — 100 МЛРД

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтің жұмыс сапары аясында Алматыда кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Онда электрондық кезек, «Нұрлы жол» бекетіндегі оператор компаниясы, шекара қызметі, сыртқы сауда және тағы басқа да өзекті мәселелер жайлы сөз қозғалды. Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудегі маңызын атап өткен Рустам Жүрсінов орталық деңгейде шешілуі қажет проблемалық мәселелерді жеке бақылауына алды.

Бизнес-омбудсмен «Атамекен» ҰКП-ның «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» порталының мүмкіндіктері туралы да айтып өтті. 2021 жылы 11 сатып алу алаңының периметрінде жалпы сомасы 9,7 трлн теңгеден астам сомаға 1 млн 689 мыңнан астам шартпен жұмыс істеді. Жобаны іске асыру басталғаннан бері нақты үнем 74 млрд теңгені құрады. Сарапшылардың бағалауы бойынша сатып алудағы бюджеттің жыл сайынғы ысырабы кемінде 100 млрд теңгені құрайды. «Атамекен» ҰКП Құқықтық қорғау департаментінің директоры Қуанышыбек Мұқаштың айтуынша, кедендік әкімшілендіру саласында әкелінетін тауарларға қатысты баға ақпаратын қалыптастыру және тәуекелдердің баға бейіндерін қалыптастыру проблемалары бар. Бұл белгілі бір тауар түрлеріне баға көрсеткіштері қалай қалыптасатынын түсінбейтін бизнес үшін жабық тақырып. Мемлекеттік кірістер органдары сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушысы мәлімдеген тауардың кедендік құнымен салыстыру ретінде пайдаланатын баға ақпараты МКК сайтында жарияланған деректерге сәйкес келмейді. Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастырған тауарлардың индикативті бағалары нақты бағалар көрсеткішінен бірнеше есе жоғары болады.

«УСҚ жұмысын автоматтандыру, өткізу пункттерінде дамымаған кедендік инфрақұрылым мәселелері шешілген жоқ, тауарды жеткізуді бақылаудан алу рәсімін қолданудың бірыңғай тәжірибесінің болмауына байланысты мемлекеттік кірістер органдары сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысты ЕЭО және ҚР кеден заңнамасында көзделмеген талаптарды қояды», – деген ҰКП өкілі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бизнес-қауымдастықпен өзара қарым-қатынасы әлсіз екенін де атап өтті. Ал Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан:«Кәсіпкерлерді қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қабылданған шараларға қарамастан, шешуді талап ететін көптеген проблемалар әлі де бар. Бүгінгі кездесу бизнес-қоғамдастық үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға септігін тигізеді деп сенемін», – дегенді айтты.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 

Министрлік мұндай нәтижеге инфляцияның біртіндеп баяулауы ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.