12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Татуластыру шаралары соттарда белсенді жүргізілуде

Бітімгершілік қазақ халқы үшін билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы. Бұған дәлел ретінде бабаларымыздың «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» немесе «Ел боламын десең достас» деген өсиеттерін келтіруге болады. Мұны айтып отырғанымыз, тәуелсіз елімізде бітімгершілік институтын заманауи сот жүйесіне сай жаңғырту қарқынды қолға алынып жатыр. Бұл мәселе алғаш рет судьялардың V съезінде көтеріліп, Медиация туралы заңы қабылданғаны баршаға мәлім.
Бүгінде медиацияның қолданыс аясы ел заңдарымен барынша кеңейтілді. Соған сай, дауласушыларды өзара бітімге келтіру шаралары соттарда белсенді жүргізілуде. Себебі, дауды тараптар келісімімен бітіру барлық жағынан тиімділігін дәлелдеуде.
Сотқа жүгіну әр адамның заңды құқығы. Дегенімен, дауласуға кететін денсаулық пен уақыт одан да қымбат. Мұны түсінген азаматтар өзара туындаған дау-жанжалды татуластыру шаралары, медиация немесе партисипативтік рәсім, сотқа дейінгі хаттама, сондай-ақ, заңдарда белгіленген өзге де тәсілдер аясында реттеуде. Яғни, өздеріне заңмен берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануда. Сондықтан, бітімгершілік институы үздіксіз насихаттауды талап етеді.
Дауды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып реттеу туралы өтінішхат заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделеді. Мысалы, татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығаруға кетпей тұрып және сот актісінің орындалуы кезінде жасалады. Татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдары тараптарға ол бекітілмей тұрып түсіндіріледі. Екі жақ та қолдаған және барлық жағынан заң талаптарына сай болған жағдайда татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарым шығарылады.
Ал, медиацияда дау-жанжал судьяның немесе медиатордың көмегімен реттеледі. Бұл үшін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдейді. Тараптар келіссе істі медиацияны өткізген судья да қарай береді. Бірінші немесе апелляциялық сотта дауды медиация тәртібімен, яғни, судьяның жәрдемдесуімен реттеу туралы өтінішхат келіп түскен кезде іс жүргізу он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
Медиацияны сот актісін орындау сатысында жүргізудің де өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, сот орындаушысына ұсынылған медиация туралы шарт атқарушылық іс жүргізуді отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады. Сот актісін орындау сатысында жасалған келісімді акті орындалатын аумақтағы бірінші саты немесе оны шығарған сот бекітеді. Бұл үшін тараптар дау-жанжалды реттеу туралы келісімді аталған соттың біріне өткізеді. Дауды реттеу туралы келісім орындалмаса мүдделі тарап процестік заңнамалар талабымен сотқа жүгінуге құқылы.
Бітімгершілік институтының басты тиімділігі мұнда тараптар мүддесі теңдей сақталады. Талапкер медиациялық келісімде талап арызда көрсетілгеннен басқа да талаптарын қоя алады. Сот медиациясын жүргізу ақысыз және қатысушылардан ешқандай қосымша шығындарды талап етпейді. Сотта тараптарға дауды бітіруде ортақ мәмілеге келудің осындай артықшылықтары жан-жақты түсіндіріледі және дауды процестің барлық сатысында реттеуге жәрдем беріледі.
Жалпы айтқанда, Азаматтық процестік кодекспен медиациялық келісімге келтіру уақыты ұзартылып, судьяның бұл тұрғыдағы құзыретінің одан әрі кеңейтілуі өз кезегінде медиацияның қолданыс аясын барынша арттыруға негіз болды.
«Елдестірмек елшіден» демекші, бітімгершілік институтын дамытуға барлық мемлекеттік органдар мүдделілік танытып, атсалысса қоғамдағы ахуал жақсарып, дусыз істер көбеймес еді. Татуластыру шаралары адамды ең алдымен кешірімділік пен ізгілікке тәрбиелеуімен құнды. Осы себепті, біз дау-жанжалды сотсыз реттеудегі ең тиімді тәсіл өзара бітімге келу екенін көпшілікке жеткізгіміз келеді.
Марат Ибрагимов,
Бостандық аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...

«Твори добро»: у жителей областного центра Алматинской области появилась аллея волонтеров

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие...

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...