Алматылықтар 7,3 млрд теңгенің дәрісін тегін алды

2022 жылдың 5 айында алматылықтар амбулатория деңгейінде 7,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін брифингте Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, сақтандыру енгізілгелі бері Алматы тұрғындары бағасы көптің қалтасын көтере бермейтін қызметтерді белсенді пайдаланып келеді. Соның ішінде медициналық қызмет көлемі ғана емес, сырқат түрлеріне қарай берілетін дәрі-дәрмек саны да бірнеше есе артқан.

Бүгінде тұрғындар белгілі бір сырқаттар бойынша тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеттері шеңберінде тегін дәрі-дәрмек ала алады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, созылмалы және жедел аурулар, коронавирус инфекциясына шалдыққандарға берілетін дәрілер де бар.

«Өткен 5 айда Алматы қаласы бойынша тегін медициналық көмек пакеті бойынша 131 мыңнан астам пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. МӘМС пакеті бойынша 30 мыңнан астам ересек, 11 мыңға жуық бала тегін дәрі-дәрмек алды», — деді филиал басшысы.

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

Тегін медициналық көмек пакетінде:

Диспансерлік есепте тұрған Қазақстан азаматтары, ықтиярхаты бар шетел азаматтары 50 түрлі дерт бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

МӘМС пакетінде:

Белгілі бір сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрған, сақтандырылған азаматтар қамтамасыз етіледі. Сақтандыру пакеті арқылы ересектерге 50 нозология, балаларға 73 нозология бойынша дәрі тегін беріледі.

Дәрі-дәрмек 18 жасқа толмаған балаларға дәрігер тарапынан диагнозы нақтыланғаннан кейін беріледі.

Тегін дәрі алу үшін не істеу қажет?

• Ең алдымен емханаға тіркелу керек
• Диспансерлік бақылауға алынатын сырқаты болса тиісті есепке тұру қажет
• Учаскелік дәрігер/терапевт немесе емдеп жатқан салалық маманнан дәрі-дәрмекке рецепт алады.
Тегін медициналық көмек және МӘМС пакеті арқылы берілетін дәрілік заттардың нақты тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885#z47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...