12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тарауларының бірі-цифрландыру.

Цифрландыру-барлық реформаның негізгі элементі. Цифрландыру – сəнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.

Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.

Электронды мемлекеттік қызметтер-мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы өзара іс-қимыл процесінде қызметті алу үшін өтініш және қажетті құжаттарды беру ғаламтор арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

Көрсетілген қызмет қорытындысы бойынша өтініш берушіге электронды құжат нысанында нәтиже беріледі.

Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы – электронды үкімет порталы. Құжаттарды ресімдеу уақытын, құжаттар тізбегін қысқартуды, композиттік немесе проактивті формада анықтама беру тәсілдерін, артық ресімдер мен келісімдерді қысқарту мәселелері тұрақты түрде жетілдірілуде. Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді.

Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 133-тармағын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп ақпаратты цифрлық (автоматты) растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау бойынша жұмыстар жүргізді.

Нәтижесімен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен төмендегі анықтамалар алынып тасталды:

1.  «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы, заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы, заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатыстылығы туралы, құрылатын заңды тұлға атауының тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы) анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы, белгіленген күнге тіркелген заңды тұлға туралы, құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы, заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы);

2. Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру;   

3.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;

4.Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірмені беру;

Ендігі жерде азаматтар мен заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді таңдап және өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, сұрау салу жібере отырып, «электрондық үкімет» порталынан заңды тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Сұрау өңделгеннен кейін порталдың мәртебелік бетінде заңды тұлға туралы өзекті ақпарат көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабының талаптарына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Электронды үкімет порталы» арқылы жүргізуге болады.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің хабарлама тәртібімен келесідей:

басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету).

Бүгінгі таңда заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады.

Заңды іске асыру мақсатында Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша Жол картасы әзірленді.

«Электрондық үкімет» порталында Жол картасының 22 тармағына сәйкес egov.kz 11.10.2021 жылдан бастап бэк-офистің қатысуынсыз автоматты режимде заңды тұлға басшысын өзгерту бойынша хабарлама тәртібі қызметі іске асырылды.

Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қызмет келесі Ішкі қызметтерді қамтуы керек:

1) мемлекеттік мекемені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысын тағайындау. Өтінішті заңды тұлғаның тағайындалған басшысы немесе жалғыз қатысушысы электрондық үкімет порталына береді. Уәкілетті органның Жалпы Жиналысының Төрағасымен және хатшысымен немесе заңды тұлғаның жалғыз қатысушысымен (егер өтінішті ол тағайындаған басшы берген жағдайда) келісіледі. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет автоматты режимде көрсетіледі.

2) банкроттықты, оңалтуды немесе уақытша басқарушыны тағайындау жатады. Басқарушыны тағайындау сот органының шешімі бойынша заңды тұлға оңалту рәсімін, мәжбүрлеп таратуды немесе банкроттықты жүргізу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті тағайындалған басшы оны тағайындау туралы сот шешімінің /pdf/ форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, электрондық үкімет порталына береді. Өтінішке өтініш беруші қол қояды. Қызмет заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.

3) мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау. Заңды тұлғаның мұрасын сенімгерлік басқарушыны нотариус тағайындайды. Тағайындау, егер заңды тұлға басшысы және жалғыз құрылтайшысы ЖТ МДҚ-да қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен мәртебесі бар ЖТ болып табылған жағдайда жүргізіледі. Өтінішті мұраның тағайындалған сенімгерлік басқарушысы немесе сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәлікті ресімдеген нотариус мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы куәліктің pdf форматындағы сканерленген көшірмесін қоса бере отырып бере алады. Қызмет ЗТ орналасқан жері бойынша тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі.

5) филиал (өкілдік) басшысын тағайындау. Өтінішті электрондық үкімет порталына бас ұйымның басшысы береді және ол қол қояды.

6) заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының м.а., ол болмаған уақытта басшыны алмастыратын адамды тағайындау.

Заңды тұлғаның басшысын өзгерту процедурасы бойынша нұсқаулықты оны жұмыста қолдану үшін жібереміз.

Сонымен қатар, техникалық сипаттағы проблемалар бар:

— нәтижені күту уақытының артуы (1 сағаттан астам);

— адрес бағаны белсенді емес (яғни адрес тексерілмейді);

— сайтта басшыны өзгерту бойынша қадамдық әрекеттерді толтыру кезінде egov.kz өтініш берушілер техникалық проблемаларға тап болады (жүйенің бұзылуы).

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі: мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде; мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығында; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде; электрондық құжатайналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жоюда; көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайтуда болып табылады.

Ансар Пирметов

Түркістан облысы Әділет департаментінің

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз

ету және бақылау  бөлімінің басшысы

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....