ҚҰРЫЛЫСТА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

Құрылыс саласында жобаны жоспарлаудан бастап, оны жүзеге асыруға дейінгі үдерісті бақылап, қадағалау барысында қолданыстағы заңнаманың түйткілді тұстары жеткілікті. Бұл мәселе 15-17 маусым күндері Алматыда өткен «Ірі қалалардың дамуы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» атты Еуразиялық инновациялық форумда сөз болды. Оны Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен Ресейдің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институты бірлесіп ұйымдастырған болатын. Сарапшылардың айтуынша, ірі қалалардың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі түйткілді мәселелер бұрынғы кеңестік республикалардағы жағдайға ұқсас. Сондықтан бұл шараның басты мақсаты саладағы қордаланған мәселені шешуге ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғалымдары мен мамандарының күш-жігерін біріктіру болып отыр.

Форумда ең бірінші боп баяндама жасаған архитектура докторы, ҚазҰТЗУ-дың Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының профессоры Алексей Әбіловтің айтуынша, орнықты даму (ОД) тұжырымдамасын іске асыру теориясы мен практикасы арасындағы алшақтық Қазақстандағы қала құрылысы қатынастары саласына да елеулі дәрежеде әсер етіп отыр. Оған сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы заңнаманың жетілдірілмеуі де түрткі болуда. Қазіргі уақытта ҚР Сәулетшілер одағының бастамасымен жоғарыда аталған заң баптарының басым бөлігін қайта қарау бойынша жұмыс басталды. – Бас жоспарларда қабылданған шешімдер, шын мәнінде, қала шекараларына әзірленген Бас жоспарлардың нысандарын қамтитын аумақтарды дамытудың жалпы стратегиясынан шықты. Қазақстан дамуының алғашқы онжылдығында ғылыми-зерттеу институттарының жоқтығынан аудандық жоспарлау және аймақтық қоныстандыру жобалары құрылмады. Соңғы уақытта ғана осы олқылықтың орнын толтыруға «тәуекел еткен» ҒЗИ, ұйымдар пайда болды. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдары алғаш рет қала құрылысы бойынша жобалау жұмыстарының ең жоғары таксономиялық деңгейіне шығуға талпыныс жасалған «ҚР-да аумақтарды ұйымдастырудың бас схемасы» әзірленді. Алайда, бұл жобаны әзірлеудің қысқа мерзімі, көп адамның қатысуы, бірлескен орындаушылар күш-жігерін жеткілікті түрде үйлестірмеген жағдайда, осы схеманың бірқатар ережелерін ғылыми негіздеудің шығындары мен оның құрылымдық құндылығын едәуір төмендетіп жіберді, – дейді Алексей Жайлханұлы. Ал ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Кенжебек Ақмалайұлының сөзіне қарағанда, Қазақстан 2015 жылдан бастап құрылыс саласында еуростандартқа өтті. Үй болсын, өндірістік құрылыс болсын, міндетті түрде ол қалалық құрылыс басқармасымен келісіліп, бекітілуі керек. Яғни тапсырыс беруші мен құрылысты салушының арасындағы байланыс нормативтік құжаттарға негізделуі тиіс. Оны қадағалау қала құрылысы мекемелеріне жүктелген. «Негізгі құрылыс материалдары шикізатының көзі Қазақстанда жеткілікті. Мәселен, цемент бұрын Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Семейде ғана бар еді. Қазір шағын цемент зауыттары көбейді. Өйткені оған керек шикізат елімізде жеткілікті. Жалпы, құрылыстың 80 пайызы бетоннан тұрады. Бетонға керек шикізаттар – қиыршық тас, малта тас, құм, цементтің бәрі Қазақстанда шығарылады. Химиялық заттар ғана басқа жақтан тасымалданады. Бағаның көтерілуі өндіріс орындарының бәрі жекеменшік қолында. Олар көбірек табыс табу үшін өз өнімдерін қымбатқа сатуға тырысады. Егер мемлекет тиісті деңгейде бақылап, қадағалап тұрса, ондай болуы мүмкін емес. Жалпы, құрылыс саласының маңызын ескере отырып, бізге мемлекеттік өндіріс орындарын қайта құру қажет. Егер мемлекеттің қарауында болса, нарықта құрылыс материалдары жеткіліксіз болмайды. Өйткені ол тиянақты түрде, бәрін жоспарлы түрде шығарып жүзеге асырады», – дейді Кенжебек Ақмалайұлы. Оның пайымдауынша, құрылыс саласындағы бағаның бәрі шикізатқа келіп тіреледі. Өкінішке қарай, құрылыс материалын шығаратын ғалымдардан ешкім мынаны қайдан алайық деп сұрамайды. Егер құзырлы министрліктің Құрылыс комитеті бізге мынандай өнім керек десе, ғалымдардың оны түрлендіріп, сапасын жақсартуға әлеуеті бар. Негізі қандай өндіріс болса да, әуелі ғалымдармен ақылдасып алу керек. Мынадай жобамыз бар, бізге мынаны жасап берші деп. Содан кейін ғылым тәжірибе жүзінде сынап, өндіріс соны қолданысқа енгізу керек. Оған ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін пайдалану қажет. Онсыз экономиканың қозғаушы күші саналатын құрылыс саласы өндіріске айтарлықтай серпін бере алмайды. Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін құрылыс саласындағы жекелеген өндірістік топтардың ықпалын заң жүзінде реттеп, ондағы мемлекет мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін форумға қатысушы сарапшылар толық дәлелдеді. Олар енді құзырлы органдар тарапынан нақты іс қажет деп отыр.

Е. КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.