Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі

Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол бұл мәселелерді көтеріп жүрген медицина қызметкерлеріне қандай да бір қысым жасауға жол берілмейтінін ерекше атап өтті.

Вице-министрдің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметпен бірге жалақыны тағы да көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Ол 2020-2023 жылдары дәрігерлердің еңбекақысы 30%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артқанын еске салды. Ал 2024 жылға қарай жедел жәрдем жүргізушілерін қосқанда, медициналық емес қызметкерлердің жалақысы 18%-ға өскен.

Қолданыстағы Үкімет қаулысына сәйкес, фельдшерлердің ең төменгі айлығы шамамен 180-190 мың теңгені құрайды, ал еңбек өтіліне қарай 260 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жедел жәрдем жүргізушілері қазір 160-180 мың теңге көлемінде жалақы алады, — деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев жаңа жалақы өсіміне қатысты есептер дайын деп отыр. Алайда нақты сандар әзірше айтылмайды, себебі бұл мәселе қазір Үкіметтің қарауында.

Егер Үкімет бұл ұсыныстарды қолдаса, келесі жылдан бастап жалақыны көтеруді көздеп отырмыз. Бірақ мөлшерін айтуға ерте, қазір бюджет мүмкіндіктері талқыланып жатыр, — деп қорытындылады бірінші вице-министр.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,