12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістанда жұмыссыз сотталғандардың саны 7 пайызға қысқарды

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандардың саны жеті пайызға азайды.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік — құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осыған орай Түркістан қаласының прокуратурасы мен әкімдігі пробациялық бақылауда тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікке тарту мәселесі бойынша іс-шара ұйымдастырды. Кездесуге 50-ге жуық пробациялық есепте тұрған адам қатысты.

Аталған шараның басты мақсаты, сотталғандарды қоғамға бейімдеу арқылы жаңа қылмыстар жасауының алдын алу. Сондай-ақ, олардың өздеріне қолайлы жұмыс жасап отбасына қамқорлық танытуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Пробация қызметінде 196 адам есепте тұрады, олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 70, жұмыспен қамтамасыз етілгендер – 46, алты адам жұмыссыздар қатарына жатады.

Іс-шара барысында мамандар пробациялық бақылауға алынған адамдарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер жайында да толық айтып өтті. Сондай-ақ, сотталғандарды 100% жұмыспен қамтуға және мемлекеттік бағдарламаларға жеке-жеке тоқталды. Атап өтер болсақ, «Бизнестің жол картасы 2025», «Еңбек» бағдарламасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырылатын «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы, «Қарапайым заттар экономикасы», «Керуен сарай» кешенінде және «Эко Базар» алаңында жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ашылған «Yassy Business» бағдарламасы, «Ырыс» МҚҰ арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер мен гранттар арқылы несиелендіру және өз кәсібін ашуына қолдау көрсетілетін тілге тиек етті.

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, — дейді Түркістан қаласындағы пробация қызметінің инспектор-психологы әділет лейтенанты Ақмарал Бекбай.

Жалпы қалалық пробация қызметі мен қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар мен қалалық пробация қызметі бөлімінің пробациялық бақылауда тұрған адамдарды жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы түзеу және жаңадан қылмыс жасауының алдын алу бағытындағы жұмыстарына ерекше мән береді. Қадағалау және үйлестіру шараларының арқасында жылдан жылға пробациялық бақылаудағы жұмыссыздар саны азайып келеді. Өткен жылы жұмыссыздар саны 10 пайызға қысқарса, ал үстіміздегі жылы 7 пайызды құрайды. Әрине, жаза басып қылмыс жасаған жандарды қоғамға бейімдеу мақсатында жұмысқа орналастыру шарасы жүйелі түрде атқарылып келеді.

Жұмысқа жолдама алып, отбасына көмек қолын созуға мүмкіндік алған сотты болған азамат Түркістан қалалық пробация қызметіне алғысын білдірді.

Мен Түркістан қаласының пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болмады. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған Нүржан есімді азамат.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...