12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қарлығаш: Погондағыларды тәрбиелегенімді мақтан тұтамын

Өмірден өз орнын тауып, өмірлік жарымен бірге Ішкі істер саласында 32 жыл еңбек ете жүріп, погондағыларды өсіріп тәрбиелеген Даутбаева Қарлығаш Өмірбекқызы, қызметінде де, отбасында да, құрметі артқан қадірлі жан.

Бүгінде ол өзінің ғана емес, бүкіл Даутбаевтар династиялық әулетінің ұйқысы әрі жөн сілтер жол басшысы болып отыр. Қарлығаш 19 жасында И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжін аяқтаған соң, Тартоғайлық жігіт Оспанға тұрмысқа шығады. Жолдасы Даутбаев Оспан екеуі бас қосқалы 32 жылдан бері ҚАЖ саласында еңбек етіп келеді.

Көп балалы жанұяға келін боп түскен жас келін, алғашқы еңбек жолын 1990 жылы ЗК-169/4 Тартоғай елді мекеніндегі қоныс колониясында кассир болып балып бастайды. Заман ағымына қарай қарсы жүзе білу мақсатымен, қаладағы Ақмешіт институтын оқып, жоғарғы білім алады. Содан бұл саланың қыр- сырына әбден жетіліп, 2012 жылы ЗК-169/1 тергеу изоляторына экономист болып ауысады. Ал, 2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін қойма меңгерушісі болып жұмыс жасайды.
Қазақта бас екеу болмай, мал екеу болмайды деген сөз орынды айтылған.

Біз жолдасым екеуміз бас қосқалы әулетімізде, бір подполковник, екі майор, екі капитан, бір аға лейтенант пен старшина осы салада жұмыс жасап, отбасын асырап келеді. Үлкен қайным Дәуітов Қанат Пазылұлы ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс жасап, майор шенімен тиісті жасында уақыты келіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр.

Әулетіміздегі жұлдызы биік, шені үлкен екінші қайным Қ. Дәуітбаев ЗК-169/1 тергеу изоляторының жедел бөлімінің бастығы болып, әділет подполковнигі шенімен зейнетке шықты. Ал, кіші қайынсіңлім, әділет майоры Э.Дуітбаева Қызылорда облыстық ҚАЖ департаментінде бас маман болып қызмет атқарады. Өз баларымның үлкені Дәуітбаева Индира Оспанқызы қалалық пробациясында аға инспектор.

Күйеу балам Шанжаров Ермек болса, мен жұмыс жасайтын мекемеде аға бақылаушы, әділет сержанты. Екінші перзентім, әділет капитаны Пазылов Қайрат пен әділет сержанты Пазылов Азамат Қызылорда облыстық полиция басқармасында жұмыс жасайды. Кенже ұлым, 9- сыныпта оқиды.

Ішкі істер саласында жұмыс жасау оңай емес. Бірақ, ата- енемнен үлгі боп қалған өнегенің ізімен келе жатқан әулеттегі бірізді қатал тәрбиенің әсеріме, әрқайсысы өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді. Қызметтерінде абырой беделге ие. Үлкен қызым мен екі ұлымның погондағы қызметкерлер болып өскендігін мақтан тұтамын. Өйткені олар еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап,адал еңбек етіп келеді.

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...