12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Талайды тамсандырған таланты жігіт!

Қазақстан-көпұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып, өз тілінде сөйлеп, атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүрін сақтауға рұқсат берген. Қазақ топырағында кіндік қаны тамып, қазақы ортада өсіп-өнген қазақтай елдің дархандығын мен қонақжайлығын көрген өзге ұлт өкілідері қазақша мақаладап сөйлеп, өлеңдерді жатқа оқып, тек қазақ тілінде сөйлеп жүрген өзге ұлттар саусақпен санарлық соның бірі-Мустафаев Анар Мехти-оглы

«Ел басына күн туса, етігімен су кешер» батыр ұлдармыз баршылық. Қай салада болмасын, өз ерік-жігері мен халыққа қызмет етуде сарп етіп жүрген Отан қорғаушы ұлдармызға сенім мол. Құқық қорғау саласында заң мен тәртіп, ережелерін сақтап, тыныштықты кірпік қақпай күзетіп жүрген азаматтарымыз бар екенін мақтан ете аламыз, өзге ұлт болсада ана тілін қадірлей білген тіл жанашыры туралы айтпақпыз.
Алматы қаласы Қылмыстық атақару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде қызмет етіп жүрген жигит туралы болмақ. Мустафаев Анар Мехти-оглы 22.10.1986 жылы Грузия мемлекеті, Дманиский ауданында дүниеге келген, ұлты азербайжан, әкесі азербайжан анасы-қазақ. Алматы қаласында 2008 Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының заңтану мамандығын және магистратурасын бітірген. Мустафаев Анар Мехти-оглы қазақ тілінде білім алып, қазақ тілін еркін меңгерген. Талай жарыстарға қатысып, топ жарды.

Алғашқы қызметін 2011-2015 жылы Алматы облысы бойынша ЛА-155/18 мекемесінде, режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып бастады. Еңбек жолын өз таңдауымен қылмыстық атқару жүйесінен бастаған қызметіне үлкен жауапкершілікпен атқара білді.
2015-2017ж. аралығында ЛА-155/18 тәрбие бөлімде тәрбиеші маман болып қызмет атқарды. Кейінен 2017-2020ж. ЛА-155/6 тәрбие бөлімде, тәрбиеші маман және теолог маман болып қызмет атқарды. 2020-2022ж. ЛА-155/6 мекемесінде Режим және күзет бөлімінің, мекеме бастығының кезекші көмекшіснің орынбасары, қазіргі күні әділет капитаны шенінде қызмет етуде. Өз бөліміндегі қызметкерлердің жинақы, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі.

Сол себепті де, бүкіл ұжым алдында беделді 11-жылдан астам еңбектік тәжірбиесі бар қызметкер, мекемеге жаңадан келген тыңдаушыларға тәлімгер өз тәжірбиесін бөліседі, оларға көмек көрсетеді.Тәжірбиелі маман темірдей тәртіпке төселген әділет капитаны мінсіз еңбегі үшін, Қазақстан полициясының 30-жылдық мерекесінде ҚР «Полиция» кеуде белгісі медалімен марапатталған, басқада бірқатар наградалармен мараппатталды.

Бүгінгі таңда осындай тәжірбиелі маман қылмыстық-атқару жүйесінде өмірден көрген түйгені мол, жасы үлкен майталман мамандар жастарға дұрыс бағыт беріп еңбек тәжірбиесімен бөлісіп, жол көрсететін қызметкер бар екені қуантады. Мустафаев Анар Мехти-оглы Абай атамыз айтқандай, адамға керегі үш ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат. Осы үш қасиет бойынан табылады, ғибратты ғұмры кімге болса да үлгі-өнеге. Үлгілі отбасы 2-баланың әкесі бүгінгі күні бір қыз бір ұлды тәрбиелеп отыр. Осындай үлгілі отбасы арқашан барша жастарға өзге ұлттарға қазақ тілін дәріптеп жүргені мақтанарлық.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында...

Келес аудандық пробация қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын...

Қақпа алдында кездесу

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...