«Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық іс-шарасы

2022 жылдың 20 маусымнан 2022 жылдың 25 маусымға дейін Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Шартты түрде сотталған» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Алдын алу іс-шарасы барысында есепте тұрған тұлғаның жаңа қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамау, сондай-ақ қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтау болып табылады. «Шартты түрде сотталған» ЖПІШ кезінде жұмыстан тыс уақытта жұмыс орны және тұрғылықты мекен-жайы бойынша қоғамнан оқшауланған сотталушылар тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын алу, жол бермеу және болдырмау мақсатында қарқынды тексеру жүргізіледі.

Осы іс-шара нәтижесі арқылы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауда бұзушылық фактілеріне жол берілмейді, сотталушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамда осы тұлғаны оңалта отырып түзу жолға түсуіне ықпал етеді.

СҚО Айыртау ауданының ПҚБ инспекторы
әділет майоры В. Оспанова

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...