12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ерлікпен қаза тапқан қызметкердің жұбайын Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толу мерекесімен құттықтады   

Биыл Қазақстан Республикасының полициясының құрылғанына – 30 жыл толып отыр. 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі полицияның қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болып табылатын «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. 2007 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті. Содан бері әр жылы осы күн полиция күні ретінде аталып өтіп келеді.

Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады.

Осыған орай жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін Құқық қорғау қызметінің оңай емес екені баршаға аян. Қоғам тыныштығын күзетіп, көше тәртібін қадағалап жүрген сақшылар күрделі жағдайлармен күн сайын бетпе бет келіп жатады. Осылайша қауіп-қатерге толы қызметін абыроймен атқарып, қапыда қаза тапқандар қаншама. Қазақстанның Тәуелсіздігін алғалы қаншама ішкі істер органының қызметкерлері қауып-қатерге толы қызметін абыроймен атқарып қапыда қаза тауып, сұм ажал ортамыздан алып кетті, солардың ішінде осындай ерлігімен ел есінде қалған жанның бірі Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкері милиция аға лейтенанты Мұратбек Әмзеұлы Өмірбеков.

Ерлік еленбей қалмайды, жоғары бағаланып қызмет бабында жанын қимай көрсеткен ерлігі үшін 1996 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен милиция аға лейтенанты Өмірбеков Мұратбек Әмзеұлы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы атаулы мейрамның қарсаңында, 1992 жылы 22 ақпан күні қанды қол қылмыскерлерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тапқан милиция аға лейтенанты Мұратбек Әмзеұлы Өмірбековтың жары Байсейтова Күләш Дуйсеновнаны гүл шоғымен және бағалы сыйлықпен құттықтады. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналып кеткен, Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан әріптесін ешқашан естен шығармай, аяулы жарын мерекелермен құттықтап келеді. Өз кезегінде Көліктегі ПД Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлеріне алғысын білдірді.  

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...