«Сотталғандарды ресоциализациялау»

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданы ПҚБ қызметкерлерімен М.Жұмабаев ауданы «Аманат» партиясын акті залында М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.С. Шарипов төрағашылық етуімен дөңгелек үстел жүргізілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелді өткізу барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, М.Жұмабаев ауданының орталық емханасы, әділет басқармасы, білім бөлімінің өкілдері, мамандандырылған колледжінің директоры қатысып М.Жұмабаев ауданының ПҚБ есебінде тұрған сотталғандардың қиыншылық тудырған сұрақтар қарастырылған. Нәтижесінде, сотталғандардың қиыншылық тудырған сұрақтары М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.С. Шариповпен, сонымен қатар әр қызметпен осы мәселерді дер кезінде шешу бақылауға алынды. Осындай кездесулер сотталғандардың атқарушы органдарға сенімін нығайтуға себеп болады, сонымен қатар ПҚБ есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету бойынша қиыншылық тудыратын сұрақтардың шешімін табуға жол табады.

Сонымен қатар, «теңдік теңдікке» принципі бойынша еркін тәлімгер институтын енгізу мақсатында, бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген сотталған Ф. сотталғандардың алдында сөз сөйледі. Ол өз өмірінен мысалдар келтіру арқылы, жақсы мінез-құлық көрсеткен үшін жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатыла алатындары жөнінде хабарлады. Жүргізілген кездесудің және еркін тәлімгерлердің жеке мысалдарының арқасында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандар түзетілу жолына тұруға үлкен демеу алды!

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық ПҚБ бастығы
әділет капитаны Д.Әбішев

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...