Жұмыс орны бойынша тексеру

СҚО бойынша ҚАЖД 2022 жылдың 20 нан 25 маусым аралығында  «Шартты сотталған» облыс бойынша профилактикалық іс- шарасы өткізілуде.

Іс – шараны өткізу барысында аудан бойынша пробация қызметі бөлімінің 3 қызметкері және М.Жұмабаев ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің 15 учаскелік  полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұл іс-шараның мақсаты пробация бөлімінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы және жұмыс орындары бойынша тесеріспен қамту және қылмыстық құқықбұзушылықтарға қайтадан жол бермеу жөнінде алдын алу әңгімелерін жүргізу.   

Сотталғандардың қатарынан әкімшілік құқықбұзушылықтар немесе жазаны өтеудің шарттарымен тәртібін орындауынан жалтарғаны анықталған күнде, олардың, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстыру сұрағы сотта қарастырылатыны жайлы сотталғандар ескертілді. Сондай ақ пробация бөлімінің қызметкерлерімен, сотталғандардың қатарын құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында халықтын көп шоғырланған жерлері (кафе, ресторан, түнгі клубтар және саябақтар) тексеріспен қамтылды.

Іс-шараны өткізу барысында сотталған П. сот үкімі бойынша тағайындалған тегін мәжбүрлі түрдегі еңбек жазасын өтеу орны бойынша тексерілді. Тексеріс барысында сотталған П. Булаев қаласының саябағында тазарту жұмыстарын атқарып жатты. Оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның шарттарымен тәртібі түсіндірілді. Сотталған П. алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтынын, спирттік ішімдіктерді ішпейтінін, түзу жолға тұрғанын айтты.       

СҚО бойынша ҚАЖД

М.Жұмабаев аудандық ПҚБ

аға инспекторы әділет капитаны

Мухамедьяр Исин

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...