Пробация есебіндегілер мұражайға барды

Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі 18-29 жас аралығындағы 14 сотталғанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне алып барды.

Музей қызметкері есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, оларға музейдің залдары, ондағы экспонаттар туралы кеңнен таныстырды. Сондай-ақ өлке тарихы туралы тың ақпараттар берді. Төл тарихымызбен ұлттық идеологиямызды насихаттайтын рухани – мәдени орталықтың қорында 60 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Сотталған азаматтар өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысын, салт дәстүрін және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарындағы маңызды оқиғаларды айшықтайтын залдарды аралап, тамашалады.

Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкенің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан тамаша әсер алған пробациялық бақылау белгіленген азаматтар пробация қызметкерлеріне алғысын айтты.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...