12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тауарлық таңбасын тіркеу

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бренд, логотип) – ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi (ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 1б. 8т., бұдан әрі – Заң).

        Яғни, тауар белгісі тауарды дараландырады, жарнамалайды және сатып алушыға ақпарат береді, жосықсыз бәсекеден қорғайды.

Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды (Заңның 4б. 4т.). Айрықша құқық бұл тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы (Заңның 1б. 1т.). Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтар институтының (бұдан әрі — ҰЗМИ) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. (Заңның 4б. 1т.). Яғни, тіркелген тауарлық таңбалар қорғалады.

Тіркеу тәртібі.

Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн (Заңның 5б.).

Өтінім электрондық форматта онлайн egov.kz веб-портал арқылы немесе НИИС-ың www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы беруге болады.

 Заңның 9-бабына сәйкес өтінімде мыналар болуы керек:

1)өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;

2)мәлiмделген белгiнi (яғни, тауар таңбаның PNG форматындағы сүреті);

3)Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.

Өтінiмге:

1)сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2)іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;

3)ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.

Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде табыс етiледi.

Заңның 11, 12-баптарына сәйкес кезең-кезеңімен өткізіледі:

1) өтiнiм берiлген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде алдын ала сараптама өткізіліп, нәтижесі бойынша өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.

2) өтiнiм берiлген күннен бастап жеті ай iшiнде толық сараптама өткізіліп нәтижесі бойынша өтінім берушіге тауар белгісін тiркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тiркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.

Тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер сараптама ұйымына өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ҰЗМИ-ның Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлікке енгiзiледi. (Заңның 15б.)

«ҰЗМИ» РМК-ның http://kazpatent.kz ресми сайтында «Тауар таңбалары» бөлімінде, бұдан әрі «Өтініш берушілерге» сіз өзіңізді қызықтыратын ақпаратты таба аласыз: өтінім және оған қосылған құжаттар, құны, кезеңдері, өтінімдердің үлгілері, халықаралық классификация тауарлар мен қызметтер.

Ақтөбе облысының әділет департаментінің инстаграм «dep.ust.aktobe»  и мета «Ақтөбе облысының әділет департаменті» парақшаларында «Тауарлық таңба тіркеуі» бейненұсқаулық орналасқан.

Қосымша ақпаратты 8 (7132) 563080, 578128 телефондар арқылы, Ақтөбе облысының әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінде алуға болады, Ақтөбе қ., Абай даңғылы 17, электрондық пошта [email protected]. Сондай-ақ, ҰЗМИ байланыс орталығымен келесі телефондар арқылы байланысуға болады: 8 (7172) 62-15-15, 62-15-16

Ақтөбе облысының әділет департаментінің

Зияткерлік меншік құқықтар бөлімі

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...

«САҒЫНЫШ» көркем туындыларының көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі суретші, КСРО және ҚазКСР...

Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу

Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңда әлемдік, әлеуметтік құбылыс. Мұның...