Алатау ауданы пробация есебінде 519 сотталған есепте тұр

Сотталғандардың қайта қылмыс жасауының бірден-бір себебі сотталғандардың жұмыссыздығы. Алатау ауданының әкімі, аудандық прокурор және пробация қызметі бөлімімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шара Алатау ауданында орналасқан «Нұркент» шағым ауданындағы алаңда өтті. Іс-шара өткізілетін алаңға шатырлар орнатылып, музыка аппаратурасымен қамтамасыздандырылып, банерлермен безендірілді. Сондай –ақ жәрмеңкеге бұқаралық ақпарат құралдары шақыртылды. Іс-шара кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі белгіленді.
Жәрмеңкеге аудандық құрлыс компаниялары мен қаланы тазарту мекемелерінің өкілдері шақыртылып, олар әр сотталғанмен жеке –дара сұхбат жүргізді. Сұхбат кезінде олардың білім деңгейі, тұрғылықты жері, қай баппен сотталғандығы ескертіліп, оларға жұмыс қарастырылды. Осы іс-шара барысында 87 сотталған жұмыспен қамтамасыз етілуге жолдама алды.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...