12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жазасын өтеуші сүйіктісімен заңды некесін қиды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесiнде жазасын өтеуші сотталған 3 жыл бұрын бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некесін қиды.

Некесін қию кезiнде сотталған сүйіктісімен 3 жыл бұрын танысқанын және бостандыққа шыққаннан кейiн отбасына оралып, қамқор болып, бала сүюді армандайтынын жеткізді.

«Түзеу мекемелерiнде ең жақын адамдармен кездесуге рұқсат берiледi. Сондықтан, темiр тордың ар жағында отырсам да, алдағы күндерi мекеме заңдылығына сай, некелі жарыммен кездесуге мүмкiндiк алғым келді. Сонымен қатар, жаза мерзiмiмдi өтеу кезiнде бостандықта менi жақсы көрiп, кутетiн некелі жарымның барын іштей бiлiп, оған ертерек оралуға тырысатын боламын», — деді сотталған. Өз кезегінде күйеуі де жарын жаза мерзімінің аяқталғанына дейiн күтiп, жұбайылық қолдау көрсететiнiн айтты.

Жалпы, мекеме тарихында тағдырын сүйіктісімен байланыстырып, тузелу жолына берiк тусiп, сайып келгенде мерзiмiнен бұрын босатылған сотталғандар көп кездеседі. Оның себебі де тусiнiктi: некеге тұру — сотталғандарға оң әсер етеді, яғни қоғамда өзiнiң орнын табуға және өз отбасына қамқор болуы үшiн мерзiмiнен бұрын босауына ынталандырады. Түзеу мекемелерiнде сотталғандардың некесiн қиюдағы басты мақсат та осы — оларға жанұя алдында жауапкершiлiктi сезiндiрiп, отбасы арқылы сотталғанды тәрбиелеу процесiне ықпал ету болып табылады.

«Неке — бұл ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін маңызды сәт. Әрине, біздің қызметкерлер асықпауға кеңес бередi және бәрiн мұқият ойластырады, бiрақ ерлi зайыптылардың қарым-қатынасты заңдастыруға деген ұмтылысы жоғалмаса, біз құжаттарды реттейміз — деді ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Нұрғали Ажиханұлы.

«Есте сақтау үшін»….

2024 жылғы 6 мамыр күні Алматы қаласының №11 мекемесінде...

В Алматинской области осужденные отметили день Победы

В преддверии Дня Победы среди осужденных, отбывающих наказание в...

Алматы облысында сотталғандар Жеңіс күнін атап өтті

Жеңіс күні қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары ...

ҚАЖД басшылығы соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерді құттықтады

Ардагерлерді құрметтеу - ҚАЖ жүйесінде дәстүрге айналған игі шаралардың...

275 сотталған жұмыспен қамтылған

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын...