12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нарықтағы монополия елдің дамуын тежейді

Қазақстанда лизингтiк қоржын шамамен 1,2 трлн теңгені құрайды және лизингтік нарықтың 90 пайыздан астамын екі квазимемлекеттік компания («ҚазАгроҚаржы» мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-дары) алып отыр. Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекет квазимемлекеттік лизинг берушілердің ғана дамуын ынталандырады және олар ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландырудың операторлары болып табылады.
Бұл бағдарлама елдің өңдеуші өнеркәсібінің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында әзірленген болатын. Өйткені, әлемдік экономикада өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 15,6 % болды. Бұл Қазақстанда 11,4 %
болса, посткеңестік кеңістіктегі Ресейде – 12 %, Беларусьте – 22 %, Украинада – 12 %, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Еуропалық одақ елдерінде 14 % құрады. Кейбір дамушы елдерде ол тіпті 20-35 % құрайды. Мысалы, Қытайда – 29 %, Малайзияда – 22 %, Индонезияда – 20 %. Сондықтан 2025 жылға дейін 2018 жылғы деңгейге қарағанда: өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 1,6 есе; өңдеуші өнеркәсіп экспорт көлемін 1,9 есе; өңдеуші өнеркәсіп негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексін 1,6 есе; экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына шаққанда өңдеуші өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының санын 1,5 есеге ұлғайту; Экономикалық күрделілік индексін (Гарвард) 78-орыннан 55-орынға дейін (-0,31 балдан 0,14 балға дейінгі деңгейге) арттыру межеленген мемлекеттік бағдарламаның орындалуына лизингтік қызмет көрсетушілердің үлесі аз болмауы тиіс еді. Алайда квазимемлекеттік лизингтік компанияларды қолдап-қолпаштаудың нәтижесінде «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей, еліміз экономикадағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруда әлі де айтарлықтай жоғары нәтижеге жете алмай келе жатыр.
26 мамырда Бішкекте өткен Еуразия экономикалық форумына бейнебайланыс арқылы қатысқан Бақыт Сұлтанов: «2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ құрылымында 2018 жылмен салыстыр­ғанда 2,3 пайызға артып, 13,7% құрады. Өңдеуші сектордың жалпы қосылған құны 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы 53% артып, 10,8 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар, өткен жылы «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң қабылданды. Онда экономиканың нақты секторын дамытудың жаңа тәсілдері бекітілді», – дегенді айтты.
31 мамырда Алматыда жеке лизингтік компания­ларды дамытуға арналған баспасөз мәслихатында статистикалық деректер бойынша кәсіпорындардың негізгі құралдарының 45% астамы жаңартуды талап етілетіні айтылды. Онда бұл мәселені шешуге лизингтік қызмет көрсету тетіктерін кеңейту жолымен шешуге болатыны сөз болды. Сондай-ақ, жеке лизингтік компанияларды кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қаражатты бөлу жөніндегі қатысушылар тізіміне енгізу ұсынылды. Мәселен, қазіргі таңда Қазақстанда 80-ге жуық лизинг беруші тіркелгенімен, олардың 20-дан астамы ғана белсенді жұмыс істейді.

– Бүгінде Қазақстанда лизингтік қызметтер экономиканың барлық салаларында қаржылық өнім ретінде сұранысқа ие. Лизингтік қызметтердің тиімді нарығы ел экономикасын дамыту үшін өте маңызды. Өйткені, онда шағын және орта бизнестің (ШОБ) отандық кәсіпкерлік нарығын дамыту үшін үлкен маңызы бар. Ірі бизнес сегментіне кірмейтін кәсіпкерлік субъектілері үшін толыққанды дамуда бірқатар кедергілер бар, олардың бірі қолжетімді қаржыландыру болып табылады. ШОБ көбінесе қаржы тартуда қиындықтарға тап болады, соның ішінде банктік несие бо­йынша кепіл ретінде ұсыну үшін жеткілікті активтердің болмауына байланысты. Бұл жағдайда қаржылық лизинг – ШОБ қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдететін қаржыландырудың түрлерінің бірі. Лизингтің бірнеше артықшылығы бар, атап айтқанда, лизинг нысаны – қаржыландыру үшін жалғыз және өтімді кепілдікті қамсыз­дандырушы болып табылады. Сондай-ақ, лизинг тартылған қаражатты мақсатсыз пайдаланбауға мүмкіндік береді, – дейді «ForteLeasing» АҚ басқарма төрағасы Талап Рахманов. Оның айтуынша, мемлекеттік қаражатты жеке лизингтік компаниялар арқылы қайта бөлу ШОБ пен лизингтік нарықты дамыту үшін тиімді құрал болып табылады. Өйткені, бұған мемлекеттік қолдау ғана емес, жеке лизингтік компаниялар арасындағы нарықтық бәсекелестік те негіз болады. Ал төрағаның орынбасары Саят Үрпежановтың сөзіне қарағанда, қаржы институттары арқылы кәсіпорындардың негізгі капиталына құйылатын инвестициялар көлемі елдің ЖІӨ-нің шамамен 1% құрайды. ЕАЭО-ның кейбір елдерінде бұл көрсеткіш үш-төрт есе жоғары, ал Еуропа елдерінде жыл сайын барлық жаңа инвестициялардың 30% астамы лизинг үлесіне келеді.
«Қазақстанда жеке тұлғалар үшін барлық жеңілдіктері мен салықтық преференциялары бар автолизингті енгізу туралы мәселе бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу қажет. Бұл жағдайда лизинг пен автокредит арасындағы айырмашылық кепілдікті қамсыздандырудың болмауы, сондай-ақ, өз уақытын үнемдеуде болып отыр. Осылайша, автокөлікті сатып алу және оған қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер кәсіпқойларға жүктеледі. Жеке тұлға лизингтік компанияның корпоративтік шарттарын пайдалана алады. Оның ішінде автокөлікке жеңілдіктер, сақтандыру бойынша оңтайлы шарттар, автокөлікке сервистік қызмет көрсету. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың негізінен автомобильдер мен жылжымайтын мүлік сатып алуға емес, тұтынушылық мақсаттарға орай қаржыландырылатындығы байқалады», – дейді Саят Бақшабекұлы. Оның пайымдауынша, Қазақстанның лизингтік қызмет көрсету нарығында лизинг бойынша мерзімді статистикалық деректерді ұсыну жағында да мәселе бар. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ақпаратты ресми түрде жылына бір рет, екінші тоқсанда жариялайды. Бұл ретте лизинг бойынша жедел (ай сайын, тоқсан сайын), сондай-ақ, кеңейтілген (компания­лар бойынша, қаржыландыру шарттары бойынша және т.б.) ақпарат жоқ. Қосымша түрде компаниялар жекелеген лизингтік компаниялар бойынша инсайдерлік ақпаратты KASE немесе Қаржылық есептілік депозитарийі арқылы алады, бірақ олардағы ақпарат толық емес. Яғни, лизингтік қызмет нарығының әлеуеті елімізде әлі толық пайдаланылмай отыр. Бұл индустриялық-инновациялық дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына өз әсерін тигізері күмәнсіз.

Мейрамбек ПАЗЫЛБЕКОВ,
«Halyk Balyk» ЖШС директорының орынбасары:

«Ғылым бір жақта, өндіріс бір жақта жүр»

– «Квазимемлекеттік компаниялардың қызметі өңдеу өнеркәсібін дамытуда әлі де өзінің тиімділігін көрсете алмай отырған сияқты. Мәселен, бізде Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы деген бар. Ол мемлекеттік тапсырысты орындауда монополист. Оған жеке компаниялар кіре алмайды. Менің өндірісімнің дамуы үшін ғылым мен технология керек. Егер мемлекеттен саланы дамыту үшін қарастырылған қаржы монополистер арқылы емес, өндіріс орындары арқылы бөлінетін болса, олар ғылым мен технологияны жаңғыртуда нақты нәтиже үшін жұмыс істеуге мәжбүр болар еді. Өйткені, олар еңбек өнімділігі мен өзге де көрсеткіштерді ұлғайтуда монополистің айтқанына көніп отыра бермей, бәсекелестік арқылы серіктестерін өзі таңдауға мүмкіндік алады. Сол арқылы ғылым мен технологияға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына мүдделі болады. Яғни, мемлекеттің қарыз, несие, лизинг және тағы басқа қаржы құралдары түрінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бөлген қаражаты құмға сіңген судай болмай, уақытылы қайтарылып, ол әрдайым айналымда болады. Басқаны былай қойғанда мына көршілес Өзбекстанда қаржы өндіріске бөлініп, ғылым соған жұмыс жасайды. Ғалымдар саланы дамыту үшін өз кабинетінде емес, нақты шаруашылықта жұмыс жасайды. Егер ол өз міндетін дұрыс атқарып, өнімділікті арттыра алса өндіріс орны да еңбегін лайықты бағалап, ынталандырып отырары күмәнсіз. Бізде бәрі керісінше. Ғылым бір жақта, өндіріс бір жақта жүр. Өндіріске барып бізде мынандай технология бар, егер оны өзіңе енгізсең өнімнің көлемі мен сапасы мұнша пайызға артады деп ұсыныс жасап жатқан ешкім жоқ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Олжас Бектенов су тасқынына қатысты тексерулер туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады.

Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз салынған ғимарат сүрілуі мүмкін

Алматы мәслихатының шешімі бойынша, 2022 жылы 15 градустан жоғары еңіс жерлерде құрылыс салуға тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл түзетулер қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген, онда тау бөктеріндегі 4270 гектардан аса жер рекреациялық аймақтарға ауыстырылуы тиіс.

Нүкенованың ағасы Салтанат Бишімбаевтан қанша рет кеткісі келгенін айтты

Прокурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевты қанша рет тастап, қайтып келгенін біле ме деп сұрады.

Жел, найзағай және жаңбыр: Елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 29 наурызда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.