Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

16 желтоқсан — Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбі күніне түсіп, мереке солі күні аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні 2025 жылы сейсенбі күніне сәйкес келеді. Бұл желтоқсанда қосымша демалыс тек осы күнге ғана қарастырылғанын білдіреді.

Жұмыс және дeмалыс тәртібі апталық жұмыс кестесіне баайланысты болады. Яғни, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына байланысты.

Жұмыс және демалыс күндерінің кестесі

Бес күндік жұмыс аптасы

  • 16 желтоқсан — демалыс күні;
  • 15, 17, 18 және 19 желтоқсан — жұмыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы

  • 16 желтоқсан — демалыс күні;
  • 15, 17, 18, 19 және 20 желтоқсан — жұмыс күндері.

Желтоқсанда бұдан басқа қосымша мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.