12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Туы жығылған елдің рухы әлсірейді

Тілі, діні, ділі, нәсілі әрқилы адамдардың ғана емес, олардың түрлі деңгейдегі қауымдастықтарының символикалық айырым белгілерінің тарихы өте ерте заманнан басталады. Ал мемлекеттік рәміздер атауының өзі айтып тұрғандай елдің дербестігін айқындайын ең басты нышан саналады.
Мәселен, қазіргі таңда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдап, нығайту мақсатында құрылған ең мәртебелі халықаралық ұйым саналатын БҰҰ деңгейінде мойын­далған мемлекеттер­дің саны әлемде – 193. Яғни, БҰҰ жүйе­сін­дегі ұйымдар мен құрылымдардың барлық іс-шараларында осы елдердің ғана мемлекеттік рәміздері қолданылады. Жетістігі арқылы әлемдік қауымдастықта өзінің ұлты мен ұлысының мәртебесін асырып, абыройын асқақтату әрбір халықтың өкілі үшін зор құрмет.

Сондықтан да Алаш қайраткерлері: «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін. Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші – бай тілі, екінші – байтақ жері» (А.Байтұрсынов). «Мемлекеттігі жоқ халық – жетім әрі жетекшіл халық. Мемлекеттігі жоқ халық – еліктегіш халық»(Ә.Бөкейханов), – деп бүгінгі Қазақстанның территориясын айқындау­ға және мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Өйткені, мемлекеттігі жоқ ел – жетім ел екенін айғақтайтын нәрселер өте көп. Ана тілінде сөйлетін адамның саны көп болғанымен, ата-бабасынан мирас болып қалған жері болмағандықтан әлі күнге дейін өзінің дербес мемлекеті жоқ халықтар әлемде аз емес. Тарихқа көз жүгіртер болсақ өмір бәйгесінде атын оздыра алмаған мұндай халықтар бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да бола береді. Себебі, бірлігі жоқ халықтың ұлт болып ұйысуы қиын.
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін, халқымыз алдымен патшалық Ресейдің, одан кейін Кеңес одағының құрамындағы көп республикалардың бірі боп қалған еді. Өз жеріне өзі ие бола алмай, оның асты мен үстіндегі байлықты өзгелермен еріксіз бөлісіп келген Қазақстанның қазіргісі мен бұрынғысын салыстырғанда айырмашылық жер мен көктей деуге болады. Сондықтан ҚР Конституциясының 9-бабында «Қазақстан Республикасының рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді» деп жазылған.
Өкінішке қарай, мемлекеттің бас­ты нышаны саналатын Ту, Елтаңба және Әнұранды пайдалану тәртібіне қатысты заңбұзушылықтар жыл өткен сайын көбеймесе, азаяр емес. Бұл мәселе әрдайым жұртшылық арасында қызу талқыланып жүргенімен, қолданыстағы заңнамадағы азаматтық және қылмыстық жауапкершілік бойынша сот шешімімен тағайындалған жаза көпшіліктің көңілінен шығып жатқан жоқ. Ел тұрғындарының көз алдында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін кемсіту жағдайлары орын алғанда құқық қорғау органдары кінәлілерге кешірім сұратып, әкімшілік айыппұл салумен ғана шектелуде. Заңдағы олқылықты пайдаланған кейбір азаматтар мен шетелдіктердің бірқатар әрекеті кей жағдайда әдейі жасалғандай әсер қалдырады. Өйткені, Мемлекеттік рәміздерге құрметсіздікті Қылмыстық кодекстегі қылмыс пен қылмыстық теріс қылық ұғымдарының арасындағы айырмашылықпен бағалау көңілге қона қоймайды. Тіпті, «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» деп аталатын баптағы атаудың өзі қазақтың дүниетанымы үшін құлаққа ерсі естіліп, көзге түрпідей тиеді.
Қазақстан Республикасы қолданыс­тағы заңдардың заң терминдері мен ұғымдарының сөздігінде (Астана: «Қазақстан Республикасының заң шығару институты» ЖШС, 2007.–1000 б.): қорлау, яғни, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қаситетін әдепсіз түрде кемсіту. Криминологиялық терминдердің түсіндірме сөздігінде (Нәбиев Ж.Н. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2013. – 87 б.) «бір мекеменің не нақты тұлғаның ар-намысын қорлайтын мәліметтерді жария ету: оның жала жабудан айыр­машылығы – таратылатын мәліметтердің шындыққа сай келуі болып табылады» деп анықтама берілген қорлау ұғымы мемлекеттік рәміздерде құрметсіздікке жақын екенін түсінуге көп нәрсенің қажеті жоқ. 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігінде (10-том. Құраст.: М.Малбақов, Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011, – 752 б.) қорлау сөзінің қорла етістігінің қимыл атауы екені және оның басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту деген мағынада қолданылатыны көрсетілген.

МАМАН ПІКІРІ

Арман ЖҰМАДІЛ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты:

– Қазақ халқының мемлекеттік рәміздерінің тарихы әлі де арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ. Жекелеген зерттеушілер тарапынан тарих пен мәдениеттің өзара байланысына қатысты ғана айтылады. Мысалы, Елтаңбаның (герб) шығу тарихы таңбалармен байланысты. Ру-тайпалардың таңбасы кішкене зерттелген. Бірақ бүгінгі геральдикамен байланыстырылмаған. Қола дәуірінен бергі тудың эволюциясын зерттеп жатқан ешкім жоқ. Байқасаңыз бір де-бір музейде қазақтың тулары сақталмаған. Себебі, орыс басқыншылары ұлт-азаттық көтерілістерді басқан кезде ру-тайпа туларының түгел көзін құртқан. Олар қазақ халқының дүниетанымын, ұлттық құндылықтарын әбден зерттеген. Ту жығылса, халықтың сағы сынатынын, рухы өлетінін білген. Өкінішке қарай, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңында ұлттық дүниетаным ескерусіз қалған. Оған өзгерістер мен түзетулер енгізу қажет. Мемлекеттік тудың қолданылу аясын ресми шаралармен шектемей, ұлттық рухтың қайнар көзі ретінде оның мүмкіндігін кеңірек ашу керек. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік ту барлық жерде қолданылады. Ол азаматтардың күнделікті көз алдында тұрады. Мемлекеттік ту бейнесін киім-кешекке дейін қолдану оны қастерлемейді деген сөз емес қой.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Путиным

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным.

Беспорядки в Бишкеке: названа причина драки между иностранцами и местной молодежью

В МВД Кыргызстана назвали причину драки с участием иностранных граждан и предоставили хронологию событий, приведших к волнению и беспорядкам в Бишкеке в ночь с 17 на 18 мая.

Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды

Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.