12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Түлек 2022» атты іс-шара  өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА 155/8 мекемесі жанындағы кешкі (ауысымдық) мектебінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты «Түлек — 2022 — Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиын өтті.

Жиынға ұстаздар, мектеп бітіруші сотталғандар және ЛА 155/8 мекеме қызметкерлері қатысты.

2021-2022 оқу жылында мектепті 14 білім алушы аяқтап отыр.

Жиында мектепті бітірушілер сынып жетекшілерімен ортаға құрметпен шақырылды.

Жиында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, салтанатты жиынның ашылуы жарияланды.

Салтанатты жиын жүргізушісі 2021-2022 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиынының «Түлек 2022 — Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыппен өтуінің мақсатына тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаев  халыққа Жолдауында: «Біздің мұратымыз Жаңа Қазақстан құру. Жаңа Қазақстан дегеніміз — егемен елдің болашақ бейнесі» деген еді.

Жиында 2021-2022 оқу жылын аяқтау туралы мектеп директорының бұйрығы оқылды.

2021-2022 оқу жылында мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан білім алушылар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі  Абай Ахметжанов  сотталғандар арасында тәрбиелеу жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлім бастығы әділет подполковнигі Анар Қайратқызы, ұстаздар мен білім алушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алғыстарын білдірді. Салтанатты жиын мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасары Б.Ахметчеев жиынға қатысқан мекеме қызметкерлерін, ұстаздарға және білім алушыларға алғысын білдірді.

Жиын соңында салтанатты жиынға қатысушыларға мектеп психологы С.Жапарова  мерекелік әндер жолдады.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...