12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әлем тыныштығын сақтаудың құны қанша?

Алдағы жексенбіде әлем жұртшылығы 20-шы рет БҰҰ бітімгерлерінің халықаралық күнін атап өтеді. Биыл «Адамдар. Бейбітшілік. Прогресс. Серіктестік күші» деген тақырыппен өткелі отырған бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2002 жылы бекітілген болатын. Соңғы жылдары ол түрлі тақырыппен атап өтіліп жүр. Мәселен, 2021 жылы – «Жастарды қолдау, бейбітшілік және қауіпсіздік», 2020 жылы – «Бітімгер әйелдер – әлемнің кілті», 2019 жылы – «Азаматтық тұрғындарды қорғау – әлемді қорғау» деген тақырыппен өтті.
Тарихы 1948 жылдан бастау алған БҰҰ Бітімгерлік операциялары әлемдік қауымдастықтың ең ірі өкілдігінің бірі болып табылады. Оны жаһандық тұрақтылыққа салынған ұжымдық инвестиция деуге болады. Осы уақытқа дейін 129 елдің 1 млн астам бітімгерінің қатысуымен Африка, Америка, Еуразия құрлықтарында 70-тей операция өткізілді. Қақтығыс болып жатқан елдердің бейбіт өмірге оралуына көмектесуге бағытталған маңызды миссияны жүзеге асыру барысында 120 елдің 3 мыңнан астам бітімгері өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда БҰҰ-ның Бітімгерлік қызметінің арнайы департаментінің басқаруымен Африка мен Еуразия құрлықтарында алты-алтыдан 12 операция жүріп жатыр. БҰҰ Бітімгерлік операция­ла­ры сайтындағы 31 наурыздағы мәлі­мет бойынша бітімгерлерінің саны жағынан Қазақстан 121 елдің ішінде 88-орында тұр. Жалпы саны 75 516 адамды құрайтын бұл бітімгерлердің 6710-ы Бангладештен, 5706-сы Непалдан, 5581-і Үндістаннан. Ал көршілес Қытай 2237 бітімгерімен – 10, Ресей 82 бітімгерімен – 60, Қырғызстан 8 бітімгерімен – 98, Әзірбайжан мен Тәжікстан екі-екі бітімгерімен – 109 орынға жайғасқан.
Еліміздің қарулы күштерінің қатарынан БҰҰ Бітімгерлік операциясына қатысушы бітімгерлер туралы мәлімет сұрап Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Олар 6 офицердің Батыс Сахарадағы миссиясында әскери бақылаушы, 3 офицердің Ливандағы миссияда штаб офицері, 6 әскери қызметшінің Үнді батальон құрамында әскери контингент ретінде қызмет атқарып жүргенін растады.
«БҰҰ-ның миссияларында қызмет атқарып жатқан жеке құрамның негізгі тапсырмаларының бірі атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау және азаматтық тұрғындарды қорғау болып табылады. Қазақстан әскерінің бітімгерлік қызметтегі алғашқы тәжірибесі өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталды. Қазақстандық біріккен батальонның бірнеше ауысымы Тәжікстанда болып, ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғағаны белгілі. Бұдан кейін Қазбаттың арнайы бөлімшесі Ирактағы көпұлтты коалициялық күштер құрамындағы бітімгерлік миссиясына қатысты. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның Непалдағы, Батыс Сахарадағы, Кот-д’Ивуардағы және ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссияларында бақылау­шы ретінде қызмет атқарды. Қазіргі уақытта біздің офицерлер Ливан мен Батыс Сахарада бітімгершілік миссия­ларына қатысып жүр. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, Алматы облысының Тілендиев кентінде Бітімгершілік дайындық орталығы ашылды. Ол жерде саперлер мен әскери дәрігерлерді, полицейлер мен барлаушыларды оқытады», – деді Қорғаныс министрінің баспасөз қызметінің мамандары.
БҰҰ бітімгерлерінің қатарындағы соңғы қазақстандық сәуір айында қосылды. Ол – майор Арман Тастанбеков. Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының (MINURSO) әскери бақылаушысы енді бір жыл бойы өз миссиясын атқаратын болады. А. Тастанбеков бұған дейін 2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың мамырына дейін Ливандағы Қазақстан бітімгерлер ротасының құрамында взвод командирі лауазымында қызмет атқарған болатын. Ал 2020 жылы БҰҰ бітімгершілік миссияларына әскери бақылаушы және БҰҰ штабтық офицері ретінде қатысу үшін үміткерлер қатарында іріктеуден өткен еді.

Шетелдік офицерлер де бітімгерліктің оқу курсын Қазақстанда өтеді

Қорғаныс министрлігі сайтындағы хабарламаға қарағанда, еліміздегі Бітімгершілік дайындық орталығында қазіргі таңда «БҰҰ штабтық офицерлері» халықаралық курсы аясында екі апталық офицерлерді оқыту курсы ұйымдастырылып жатыр. Оған отандастарымызбен қатар Ұлыбритания, Мозамбик және Пәкістаннан келген 15 әскери қызметші қатысуда. Оларға Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақтық өкілдігінің өкілдері, сондай-ақ, БҰҰ-ның Кипрдегі миссиясынан британдық сарапшы баяндамашы ретінде шақырылып отыр. Онда офицерлер бітімгерлік операцияларда көпұлтты штабтар құрамында жұмыс істеу негіздерін үйренеді.
Жалпы, «БҰҰ штабтық офицерлері» курсы ағылшын тілінде өткізіледі және бұл курс 2018 жылы халықаралық сертификаттаудан өткен. Тыңдаушылар сабақ барысында БҰҰ-ның құрылымы, ережелері мен рәсімдері, сондай-ақ бітімгершілік қызметті реттейтін құқықтық нормаларымен танысады. Бағдарламада жоспарлау және шешім қабылдау үдерістерін, БҰҰ миссияларындағы халықаралық штабтар бөлімдері мен қызметтерінің негізгі функцияларын зерделеу қарастырылады.

Бюджет биыл да азая ма?

БҰҰ бітімгерлік операцияларының 2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 30 маусымына дейінгі мақұлданған бюджеті 6,38 млрд долларды құрайды. Ол 12 операцияның 10-ына жұмсалады. Тек БҰҰ-ның бітім шарттарының орындалуын бақылау бо­йынша органы (ОНВУП) пен БҰҰ-ның Үндістан мен Пакистандағы әскери бақылаушылар тобы (ГВНООНИП) – БҰҰ-ның бюджетінен қаржыландырылады.
БҰҰ бітімгерлік операцияларының 30 маусымда аяқталатын қар­жылық жылының бюджеті 2020–2021 жылдардағы бюджеттен 2,1 % аз болғанын ескерсек, бұл үрдіс алдағы 2022–2023 жылдардағы бюджетте өз жалғасын табуы әбден мүмкін болып отыр. Жалпы БҰҰ бітімгерлік операцияларының бюджетінің көлемі әлемдегі әскери шығындардың 0,5 пайы­зынан да аз. Мәселен ,2020 жылы әскери шығындар әлем бойынша 1 981млрд долларды құраған болатын. Ауғанстандағы ахуалдың күрделенуі және былтырғы Әзірбайжан мен Армения, биылғы Ресей мен Украина арасындағы соғыстан Қазақстанның да әскери шығындары алдағы уақытта ұлғаймаса азаймайтынына сенім мол. БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары сайтындағы деректерге қарағанда бұл ұйымға 2020–2021 жылдары әлемдегі бейбітшілікті қорғау мақсатында ең көп жарна төлеген елдердің ондығына АҚШ (27,89%), Қытай (15,21%), Жапония (8,56%), Германия (6,09%), Ұлыбритания (5,79%)Франция (5,61%), Италия (3,3%), Ресей (3,04%), Канада (2,73%) және Корея Республикасы (2,26%) кірген еді.

БҰҰ бітімгері болу үшін әскери қызметте болу шарт емес

БҰҰ бітімгерлері сайтындағы мәліметке қарағанда, оларға басқарудың тұрақты институттарын құруға көмектесуден бастап, адам құқықтарының мониторингіне, қауіпсіздік секторын реформалауға, қарусыздануға, демобилизациялауға және бұрынғы жауынгерлерді қайта біріктіруге дейінгі көптеген күрделі міндеттерді қабылдау ұсынылды. Әскерилер бітімгершілік операциялардың көпшілігінің арқауы болып қалғанымен, қазір бітімгершілікке көптеген жаңа тұлғалар келуде. Соның ішінде: әкімшілер, экономистер, полиция қызметкерлері, заң сарапшылары, шахтерлер, сайлау бақылаушылары, адам құқықтары жөніндегі мониторлар, азаматтық істер және басқару мамандары, гуманитарлық қызметкерлер, байланыс және жұртшылықты ақпараттандыру саласындағы сарапшылар бар.
БҰҰ жеке армиясы немесе полиция күшi жоқ болғандықтан мүше мемлекеттерге әрбiр операция үшiн қажеттi қызметкерледің үлесін қосу ұсынылады. Бітімгерлер өз елдерінің киім үлгісін киіп, БҰҰ-ның көгілдір дулығасымен немесе беретпен және төсбелгімен ғана БҰҰ бітімгерлері ретінде анықталады. Ал азаматтық персонал – БҰҰ Хатшылығы қызметке қабылдайтын және орналастыратын халықаралық мемлекеттiк қызметшiлер.

Қазақстан әскер мен полицияның нормативтік құқықтық негіздерін ұсынған жоқ

Заңсыз іс-әрекеттер туралы істерді қараудың ашықтығы мен есептілігін арттыру үшін Бейбіт операциялар департаменті әрбір әскер мен полицияға үлес қосушы елден БҰҰ Өкілдігіне орналастыру кезінде оның контингентіне және офицеріне қолданылатын құқықтық базаны ұсынуды сұрайды. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ бітімгерлігіне қатысушы 129 елдің 61-і әскери, 11-і полицияның құқықтық негіздерін ұсынған. Олардың екеуінде де Қазақстан жоқ. Мәселен, әскерилердің құқықтық негізін ұсынғандар арасында бұрынғы кеңестік республикалардан тек Латвия, Литва және Эстония ғана бар. Онда сондай-ақ, біздің көршілерімізден де әзірге ешкім жоқ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.