12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Айгүл ҚАПБАРОВА,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бағдарламалар тиімділігі
күмән тудырады

2022 жылға бюджетті нақтылау жобасында әлеуметтік салаға бөлінген қаржы 581 миллиард теңгеге артып, 8,6 триллион теңгеге немесе республикалық бюджет шығыстарының 46 пайызына жетті.

Осы орайда əлеуметтік саланы қаржыландырудың бірқатар өзекті мəселелеріне тоқталуды жөн санаймыз. Заң жобасында инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдем­ақы, әлеуметтік төлемдерді 4 пайызға қосымша индексациялау жоспарланған. Біздің ойымызша, бұлайша индекс­теу жеткіліксіз. Себебі, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше өткен жылдың наурызынан бері азық-түлік 15 пайызға қымбаттады. Баға күн санап өсуде. Көріп отыр­ғанымыздай, индекстелген сумма, әсіресе, әлеуметтік осал санаттар үшін негізгі тауарлар өсімінің шығынын өтеуге мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде, Үкіметтің халық табысының деңгейін арттыру бойынша ұсынып отырған шараларының тиімділігін төмендетеді. Бізге, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу әдістерін бүгінгі әлеуметтік жағдайға сай өзгертетін уақыт жетті.
Заң жобасындағы шығыстар құрылымын талдай келе, әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кейбір шығыстары жөнінде сұрақтар туындайды. Мәселен, Қазақстанда базалық дәрілер мен медициналық бұйымдарды өндіруді ұлғайту бойынша Президент тапсырмасы баяу жүруде. Отандық фармацевтиканы қолдау арқылы біз импортқа тәуелділікті біршама азайтар едік. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қосымша 48 млрд-тан астам теңгеге ұлғайтқан. Министрлікке тек валюта бағамы айырмашылығы үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінуде. Қаражат негізінен импорттық дәрі-дәрмек сатып алуға жоспарланған.
Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері кеңселерді жалға алу, форумдар, салтанатты жиналыстар, тәуелсіз сарапшылардың іссапары, имидждік іс шаралар сияқты ағымдағы шығындарды шұғыл шараларға жатқызып, қаражат сұрап отыр. Өткен жылдың соңында бюджет бекітілгенде бұл шығындар неліктен жоспарланбаған? Аталған министрліктер өз саласындағы шығындары бойынша тиімді бюджеттік жоспарлауды толық жүзеге асыра алмай отыр. Мәселен, Білім және ғылым министрлігінің тәуелсіз сарапшылардың іссапар шығындарын төлеуге жарты миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауы қаншалықты қажет? Бұдан басқа автономды ұйымдардың нысаналы салымдары және Назарбаев университеті кадрлар даярлау бойынша 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен шығыстарды 19,8 млрд теңге шамасында оңтайландыру ұсынылады. Өткен жылы біз 2022 жылға арналған республикалық бюджетті қабылдаған кезде министрлік өкілдері депутаттар корпусын бұл қаражатты бөлу аса қажет деп сендірді. Енді небәрі төрт айдан астам уақытта шешімдерін өзгерткен. Осы жерде, аталған шығыстар жоспарланғанда қаншалықты негізділік және тиімділік қағидаттарына сай болды деген сұрақ туындайды. Жалпы, бұл бағытқа бұған дейін де үлкен көлемде қаражаттар бағытталған болатын. Егер оларды жоспарлау мен игерудің сапасы бүгінгідей сын көтермейтін болса, тексеру жүргізу керек болар.
Қоғам тарапынан және Парламент қабырғасында ең көп сынға ұшырайтын мемлекеттік бағдарламалардың бірі – жұмыссыздықпен күреске бағытталған жобалар. Кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздықпен күресті күшейту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 69 млрд 323 млн теңге көзделген. Биылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» мен «Күміс жас» жобасына қатысушыларға еңбекақыны 30 АЕК көлемінде мемлекет төлейді. Биыл министрлік субсидиялау шарттарын қатаңдатты. Алайда, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру жұмыссыздық мәселесін түпкілікті шешпеуде. Жұмыс берушіге субсидиялау мерзімі аяқталған соң жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтуы тиіс деген талап қойылған. Ал бұл талаптың орындалуына күмән көп. Ертең осы тұста еңбек дауы көбеймесіне кім кепіл деген сауалдар да жоқ емес.
Мемлекет басшысының балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аудару туралы тапсырмасын орындауға бағытталған мемлекеттік тапсырыс арқылы берілетін тегін үйірмелермен еліміздегі орта мектептерде оқитын 3,6 млн баланың тек 9,8 пайызы қамтылған. Егер мектепке дейінгі балаларды қоссақ, бұл көрсеткіш бұдан да төмен. Ауылдық жерлерде үйірмелер ашуды ұйымдастыру деңгейі сын көтермейді. Жергілікті әкімдіктер жеткілікті деңгейде қаражат бөлу мәселесін жолға қоймаған. Сондай-ақ, Президенттің мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ деген тапсыр­масының орындалуында да олқылықтар бар. Мысалы, облыстар үстіміздегі жылы спортты дамытуға жергілікті бюджеттер арқылы 210,3 миллиард теңге жоспарлаған, оның 38,9 % кәсіби спорт клубтарын қаржыландыру үшін бөлінген. Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмдеріне қатысты қолданыстағы нормалық-құқықтық актілерде және оны әкімшілендіруге арналған ақпараттық жүйе жұмысында, оларды мемлекеттік органдар жүйе­сімен интеграциялауда толық шешімін таппаған мәселелер бар. Осы ретте, Үкімет жергілікті атқарушы органдар тарапынан тегін үйірмелердің аясын кеңейту және мемлекеттік тапсырысты орналастырудың іске асыру механизмдерін пысықтап, жетілдіруі қажет.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.