12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әдептілік әр адамға міндет

Бала күнімізден «Әдепті бала – арлы бала» деген мақалды бойымызға сіңіріп өстік. Содан болар қай жерде жүрсек те әдептілікті сақтап, мәдениетті болуға тырысамыз.

Әдептілік – жалпыға бірдей моральдық норманы сақтау, қоғамға құрметпен қарау, қандай деңгейдегі адам болмасын бәріне сыйластық таныту, ешкімді кемсітпеу. Осы әдептілік қағидаттарын ұстанған кезде ғана  тәртіп болады. Ал тәртіп болған жерде нәтиже болады.

Осындай жалпы қоғамдағы көрініс мемлекеттік қызметшінің бойында да болуы қажет.

Мемлекеттік қызметші қоғам айнасы деп жатамыз. Олай дейтініміз –  қоғам мемлекеттік қызметшіге қарап мемлекеттің бағытына баға бере алады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының біріне әдептілік жатады.

Мемлекеттік қызметші қызмет атқаруда, қызмет көрсету кезінде сыпайы, байсалды болуы қажет. Қызмет көрсету кезінде қызмет алушыға бейәдеп әрекеттер жасау – мемлекеттік қызмет сыйыспайды. Осы жағдайларды реттеуде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қызмет атқарады. Кодексте мемлекеттік қызметші қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндетті. Яғни мемлекеттік қызметші осы әдептілік нормаларын қатаң сақтауы тиіс.

 Қызмет атқаруда әдептілікті сақтау және қадағалау мақсатында әр мекемеде әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс жасайды. Негізгі міндеттеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру.

Сот жүйесінің қызметкерлері де мемлекеттік қызметшіге жатады. Күнделікті жұмыс барысында түрлі санаттағы тараптарға, қызмет алушыларға қызмет көрсетеміз.  Сотқа келушілерді әлеуеметтік жағдайына, ұлтына, жынысына, діни сеніміне қарап алаламаймыз. Алайда кейбір азаматтар сотқа жүгіну барысында (қоғамдағы барлық салада да) өздерін дөрекі ұстап, жалпыға бірдей моральдық-әдеп нормаларын сақтамайтыны жасырын емес. Ондай жағдай сабырға шақырып, сұрағына нақты жауап беріп, әдептілік сақтау біздің басты міндетіміз.

Одан бөлек жалпы адамдар әдепті болса мемлекеттік идеология төмендемейді, сыбайлас жемқорлық артпайды, қызмет сапасы жақсарады. Сондықтан әдепті болу тек қана қызмет берушінің емес қызмет алушының да міндеті.

Жанар Пазылова

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының

жетекші маманы

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...