Сотталғандар 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев мұражайына экскурсия жасады

Халықаралық музей күніне орай Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ауданындағы 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайына экскурсия жасады.
Тағылымы мол танымды шараны аудандық пробация қызметі ұйымдастырды. Мұражай қызметкері пробация есебіндегі азаматтарға Ғани Мұратбаевтың туған жерінің тарихын, оның балалық шағы мен қызмет еткен уақыты туралы, Ғанидің замандастары мен ізбассарларына арналған 7 залды аралап мол мағұлмат берді. Одан соң, мұражайдың соңғы залы Тәуелсіздік залындағы Желтоқсанның құрбандары, қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің фотосуреттері мен мәліметтерімен танысты.

«Мұражайды аралап,бабалар тарихының тереңіне үңіліп, рухани азық алдық. Мереке қарсаңында осындай шараны ұйымдастырған пробация қызметі мен мұражай қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...