Ақтөбеде мәжбүрлі еңбекті атқармаған есепте тұрған сотталған бас бостандығынан айырылды

Бөтеннің мүлкін ұрлап, аудандық соттың үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы және жылына 100 сағатқа мәжбүрлi еңбекке тарту жазасы тағайындалған Мұғалжар ауданының тұрғыны 2022 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметінің есебіне алынған.

Алайда сотталған Қ. өзіне сот үкімімен белгіленген міндетті, яғни жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлi еңбекке шығудан түбегейлі бас тартады. Сонымен қатар, пробация қызметіне ескертпестен тұрғылықты мекенжайын тастап, шығып отырады.

«Жоғарыда аталғандарға байланысты, Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметімен жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін есепте тұрған сотталған Қ.- ның бас бостандығынан шектеу түрiндегi жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша тиісті ұсыныс аудандық № 2 сотына жолданып, ұсыныс сотпен қанағаттандырылды. Енді ол жазасының өтелмеген қалған бөлігін, яғни 2 жыл 10 ай 7 күнді бас бостандығынан айыру орындарында өтейді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...