12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 6 сотталған адам жұмысқа орналасты. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік — құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Осыған орай жуырда Шымкент қалалық және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге Түркістан қаласының тұрғындары мен пробация есебінде тұрған 20 сотталған азамат қатысты.

Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, электромонтер, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, электрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.

  • Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, — дейді Түркістан қаласындағы пробация қызметінің инспектор-психологы әділет лейтенанты Ақмарал Бекбай.
    Жұмысқа жолдама алып, отбасына көмек қолын созуға мүмкіндік алған алты сотты болған азамат Түркістан қалалық пробация қызметіне және қалалық жұмыспен қамту орталығына алғысын білдірді.
    -Мен Түркістан қаласының пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болмады. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған Азат есімді азамат.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...