12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысының солтүстік өңірінде онкогематологиялық дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетіле бастады

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында қаңтар айында ашылған онкогематологиялық бөлімшеде 35 бала ем қабылдады. Аталған аурухана директоры Тойбеков Арман Серікбайұлының айтуынша, осы уақытқа дейін Алматы облысының солтүстік өңірінде онкогематологиялық ауруға шалдыққан балалар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында және Іле ауданында орналасқан Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен емделетін.

Ауруханадағы 15 төсекке арналған онкогематологиялық бөлімше ашылған уақыттан бері бізде 35 бала ем қабылдады. Оның ішінде облыстық шеткі аудандарынан 13 бала емделді. Негізі аллергиялық пурпурамен және тромбоциттердің сапалық және сандық ақаулары бар балалар емделіп жатыр. Жедел лимфобластикалық лейкоз 1 баладан анықталды. Алайда лейкемия ауруының алғашқы белгілерін байқаған кезде ата-ана бірден педиатрдың көмегіне жүгіну керек,- деді Арман Серікбайұлы.

Сонымен қатар аталған аурухана директоры Арман Тойбеков онкогематология бөлімі «Балалар жылы» қарасаңында арнайы ашылғанын атап өтті.

Статистикаға сүйенсек, лейкемия көбіне 2 мен 5 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Лейкемия-бұл қатерлі қан ауруы, сүйек кемігінің гемопоэзінің бұзылуымен, сондай-ақ қалыпты қан жасушаларын лейкоциттердің жетілмеген бласт жасушаларымен алмастырумен бірге жүреді.
Көп жағдайда балалардағы лейкоздың алғашқы белгілерін вирустық инфекциялармен шатастырады. Өйткені балада вирустық инфекция белгілеріне сай тез шаршап, нашар ұйықтайды. Сонымен қатар тамақтанғысы келмейді, белгісіз себептермен дене қызуы көтеріледі.

Балалардағы лейкоздың алғашқы белгілері:

• геморрагиялық синдром (шырышты және теріге қан құйылу);
• дененің кенеттен жалпы интоксикациясы (әлсіздік, терлеу, анорексия, гипотрофия, құсу, жүрек айну).
• терінің, шырышты қабаттардың түсі-олар дерлік ақ түске айналады, сарғыш / жер реңін алады
• шырышты қабықтың жағдайы – инфильтрация нәтижесінде тонзиллит, стоматит, гингивит пайда болады;
• лимфа түйіндерінің мөлшері үлкейіп, лимфаденопатия дамиды.

Баладағы лейкоз белгілерін әдетте педиатр байқайды. Педиатр балаға зертханалық және аспаптық зерттеулерді тағайындап, бейінді маманның консультациясына жібереді. Қажет болған жағдайда мамандандырылған (онкогематологиялық) бөлімшеге емдеуге жібереді. Кішкентай науқасты одан әрі тексеру және емдеумен онкогематолог айналысады.

Аталған ауруханадағы онкогематологиялық бөлімше Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 572-Н бұйрығына сәйкес «2022-2024 жылдарға арналған ҚР балаларға онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру бойынша» Жол картасын орындау және облыстың солтүстік өңіріндегі балаларға онкогематологиялық медициналық көмекті уақтылы көрсетуді жақсарту мақсатында ашылды.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...