16 C
Алматы
Понедельник, 20 июня, 2022

Алматыда қыз-келіншектердің цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланады

Мамырдың 18-інде Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Techno women Almaty: Almaty – Digital heart» атты форум өтеді. 

Ол қазақстандықтардың бақытына арналған жаңа идеялар мен жобаларды ұсынатын қызықты және жарқын спикерлердің өз ойларымен бөлісетін алаң болады. Іс-шараға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады  https://technowomen.eventum.one/ru.

Бұл шараның басты мақсаты – технология саласында жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, жұмыстарын елге таныту. Онда қала тұрғандары мен қонақтарына арналған жайлы және ыңғайлы жаңа шешімдерді жүзеге асыратын прогрессивті әйелдер қауымдастығын құрылмақ. «Techno women» қауымдастығы EduTech, FinTech, GovTech, HealthTech Digital, New Media және басқа да салалардағы компанияларда жұмыс істеп, шағын және орта бизнесте цифрлық қызметтер мен технологиялық стартаптарды дамытып жүрген қыз-келіншектерден құрылады. Оның атқаратын қызметі: жоғары технологиялар саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің кәсіби қауымдастығын құру және олардың осы салада кәсіби жоғарылауына ықпал ету; Әйелдердің digital start up қозғалысының кең таралуына қолдау көрсету;  Қыздарды STEM пәндері, бағдарламалау, робототехника, компьютерлік дизайн, электронды коммерция мен басқа да салалас пәндер бойынша оқытуға қолдау көрсету;  Цифрлық экономикадағы жаңа мамандықтар туралы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоғары технологиялардың көмегімен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру;  Экономиканы цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңын құру;  Цифрлық экономикадағы гендерлік теңдікті қолдау;  Әйелдердің цифрлық экономикаға белсене араласуына жағдай жасауға бағытталатын болады. Сондықтан  бұл форумның спикерлері қыздардың цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып, Алматы қаласының азаматтарға қолайлығын ұлғайтуға арналған IT жобалармен таныстырады. Сонымен қатар қыз балаларды бағдарлау мен жаңа цифрлық дағдыларға үйрететін программаны ұсынады. Жаңа технологиялардың көмегі арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп қаржылық тәуелсіздікке ие болудың жолдары жайлы  сөз қозғайды. Ол үшін бүгін BTS Education электронды коммерция мектебі мен жоғары технологиялар саласындағы қыздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған менторинг бағдарламасы сияқты тегін жобалар бар.  Іс-шарада қыз балаларға жаңа цифрлық әлемде бәсекелестіктерін арттыруға мүмкіндік беретін Jumysbar-дан SMM мен Product Management бойынша, Geometry-ден Power BI-дегі деректер аналитикасы бойынша және бағдарламалау мектептері мен өзге де білім беру баңдарламаларының сертификаттары ойнатылады.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости