12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жұмыс берушінің де құқығы қорғалады

Алматыда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Жұмыс берушілер қызметі жөніндегі бюросы мен «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы арасында екіжақты серіктестіктің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы меморандум жасалды. Ол ХЕҰ-ның Жоғары миссиясының Қазақстанға ресми іс-сапары шеңберінде жүзеге асты.
ХЕҰ – әлеуметтік әділеттілік пен әріптестік қағидаттарын ілгерілетуді, еңбек саласындағы нормалар мен құқықтардың жоғары стандарттарын енгізуді өзінің мақсаты етіп қоятын Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жү­йесінің мамандандырылған агенттігі. Ал «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы ХЕҰ сессияларында 2000 жылдан бері Қазақстан жұмыс берушілері атынан қатысатын ресми делегат және серіктес болып табылады. 29 сәуірде кезектен тыс ХІІ съезін өткізген конфедерацияда бірқатар құрылымдық және кадрлық өзгерістер жасалған болатын. Жаңадан сайланған төраға Жұмабек Жанықұловтың айтуынша, ХЕҰ Жоғары миссиясының бұл іс-сапары конфедерациямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістердің практикалық іске асырылуын бақылауға бағытталған. Бұған дейін ХЕҰ мен «PARYZ» конфедерациясы бірлесіп қолданыстағы заңнаманың халықаралық нормаларға, оның ішінде ХЕҰ мен БҰҰ конвенцияларында бірқатар сәйкессіздіктерді анықтап, олардың негізінде еңбек заңнамасына енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеген. Соның нәтижесінде, 2018 жылы ХЕҰ ұсынымдарын іске асыру және заңнаманы еңбек қатынастарының халықаралық стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі Жол картасы қабылданып, 2020 жылғы мамырда заңнамаға енгізілген өзгерістерде бұл ұсынымдар ескерілді.
– Бұл меморандумның басты мақсаты ХЕҰ қазақстандық жұмыс берушілердің мүдделерін қорғауда және Қазақстандағы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы және сонымен жұмыс берушілер мен үкімет арасындағы қатынасты реттеу серіктестікті нығайту. Қазір өздеріңіз жақсы білесіздер әлемде көптеген оқиғалар болып жатыр. Соған байланысты кейбір жұмыстарды тез арада ақылдасып, реттеу үшін халықаралық деңгейдегі жұмыстар керек. Өйткені, ХЕҰ жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы дауларды реттеуде бізге халық­аралық тәжірибелерді жеткізеді, – дейді Жұмабек Есілбекұлы.
ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия және лайықты жұмыс мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы бюросының жұмыс берушілер қызметінің бас маманы Владимир Чуровичтің сөзіне қарағанда, ХЕҰ-ның Жоғары миссиясының Қазақстанға жасаған бұл ресми іс-сапарының мақсаты жұмыс берушілер бірлестіктері еркіндігінің сақталуын бақылау. 2 жыл бұрын 20 мамырда Қазақстанда «Еңбек кодексі» мен «Кәсіпкерлер палатасы туралы» заң өзгерді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан әлеуметтік диалог алынып тасталды. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік сұхбатта еңбек қатынастарында жұмыс берушілер атынан өкілдік ете алмайды. Қазір бұл рөл жұмыс берушілердің тәуелсіз ұйымдарына берілген. Қазакстанда жұмыс берушілер үшін жаңа мүмкіндік ашылды. Олар өз құқығын тәуелсіз ұйымдар арқылы қорғай алады. ХЕҰ бұл өзгеріс тәжірибе жүзінде заң талабы сақтала ма, жоқ па деп қолданылуын тексерді.
«Екінші мақсат ХЕҰ үштарапты ұйым. Бізде үкімет қана емес, әлемдік деңгейдегі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арнайы департаментте тәуелсіз жұмыс берушілер ұйымы бар. Осы бағытта «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен меморандум жасалды. Біздің бюро оларға жұмыс берушілердің құқықтарын қорғауды жақсартуға көмектеседі. Мұнда бір мәселе бар. Қазақстан жұмыс берушілері көбірек конфедерацияға мүше болуы керек. Мүшелер саны қаншалықты көп болса конфедерация да мығым бола түседі және жұмыс берушілер мүддесін жақсырақ қорғайтын болады. Жұмыс берушлердің мықты бірлестігінсіз әлеуметтік сұхбат да берік болмайды және нәтижесі нашарлау болады. Жұмыс берушілер өз конфедерациясын қаншалықты көбірек қолдаса соғұрлым мүдделері де жақсы қорғалатын болады», – деген Владимир Чуровичтің айтуынша, қазір олар ұсыным жасамайды, тек бақылайды. Ұсыным Женевадағы комитет тарапынан 1 айдан кейін жасалады. Қазір олар тек еңбек және әділет министрліктері мен кәсіподақ пен жұмыс берушілер тарапынан заңнамаға сәйкес жасалған жұмыстар бойынша ақпарат қана жинауда.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Впервые в Алматы провели уникальную операцию с сохранением репродуктивной функции женщины

В Городской перинатальный центр №2 Алматы на плановую госпитализацию...

Шымкенттен келген дәрігер Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада мастер-класс өткізді

Облыстық ауруханада Шымкент қаласының №1 ЖМКҚ жедел нейрохирургия бөлімінің...

Рынок труда и цифровизация

В ходе международной конференции «Эффективное управление для экономического развития...

Ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаяды – Тамара Дүйсенова

Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады. Бұл...

Облыс әкімдерінің орынбасарлары азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмысы үшін жазаланады

Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы...