12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Салық Зиманов – «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» атағына лайық

Бүгінгі әңгіме өзегі заманымыздың заңғар ғалымы Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш заңгер академигі, қазақ заңдарының атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Салық Зиманов жөнінде болмақ.

Салық ағамыз мына дүниеде бар болмысымен, асыл қасиетімен адамдықтың зиялы үлгісін жасаған қазақ заң ғылымының абызына айналған тұлға. Бір кездері атақты Қаныш Сәтпаевтың өзі: «Салық Зиманов Қазақстанда заң ғылымдарының негізін қалушы» деп бағалаған еді. Мағыналы ғұмырының жеті жылын қанды шайқасқа беріп, қатардағы жауынгерден полк командиріне дейін көтерілген Салық Зиманұлының соғыс жылдардағы жанқиярлық батырлық пен ерен ерлігі бүгін де дастан. Ол 1941 жылдың қыркүйегінен кеңестік әскер қатарында Оңтүстік және Солтүстік Кавказ, Степной, Воронеж, 2-Украина және 2-Беларусь майдандарында соғысқа қатысты. 1943 жылдың желтоқсанынан соғыстың соңына дейін 5-танк армиясында 8-механикалық корпуста болды. Төрт рет жараланған ол соғысты Германияда Эльба өзенінде аяқтады. Соғыс аяқталғаннан кейін бір жылдан соң С.Зиманов артиллериялық полк штабының бастығы болып, әскерден қайтты. Заңгер Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Кавказды алғаны үшін», Кенисбергті алғаны үшін тағы басқа медальдармен марапатталды. Соғыстың ауыр жылдарында бірнеше күн бойына жаудың ортасында ас-сусыз қалып қарамағындағы жауынгерлердің патриоттық сезімін оятып қоршауды бұзып шыққанын еске алушы еді.
Елге оралған соң ғылыммен айналысып, заң саласынан кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, 31 жасында Қазақстан Ғылым академиясының Құқық және философия институтының директоры болды. Өзі де, жұбайы да Қазақстан Ғылым академиясының академиктері дәрежесіне жетті. Көптеген шәкірт тәрбиеледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысының қасында болып, азаттыққа жаңа қол жеткізген Отанымыздың өркендеуіне бағыт-бағдар берді, халыққа шынайы қызмет етті. Білікті заңгер ретінде егемендік, тәуелсіздік жолындағы Қазақстанның халықаралық қатынастарын заңдас­тырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне белсене араласты.
Ол кісінің бір қайраткерлігін айтатын болсақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақ жастарына қорған бола білді. Сол жылдардағы Ғылым академиясында Г.Колбиннің қазақ зиялыларымен кездесуінде кейбір азаматтардың Колбинге жағымпаздана желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қатаң жазалауын дұрыс деп қолдағанын, оның ішінде біздің атақты ғалымдарымыздың да болғаны әлі-ақ уақыты келгенде толық аталар. Міне сол кездесуде біздің Салық Зиманов ортаға атып шығып, Колбинге қарсы, оның ұлтқа деген саясатының дұрыс еместігін, ұлтқа деген қуғын-сүргінді тоқтату керегін айтқан.
Одан кейін де қоғамдағы әділетсіздікке көз жұмып қарамады.

Қазақ тілінің өз дәрежесінде дамымай, межелі мақсаттың кешеуілдеуінің себебін іздеді. Заңдардың мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жазылуын, шенеуіктер бір-бірімен қазақша сөйлесуі қажеттігін басты назарға алып, «Караван» газетінде бірнеше үндеу-мақалалар жазып, нақты бағыттарын жария етті.
Зимановтың қайраткерлігі Қазақстан Президенті туралы заң қабылданар кезде тағы да ерекше көрінді. Сол күні Салық Зиманов Парламент мінберіне үш рет шықты. «Президент туралы заң бір адамның ғана көңіліне қарап шығара салатын заң емес! Президент туралы заң ұлттың болашағына, кейінгі ұрпақтың ертеңіне де қызмет етуі керек!» деп таусыла, күйзеле сөйлегені көптің әлі есінде. С.Зимановтың осы айтқандарының өте дұрыс өміршең екендігін дәл қазіргі уақыт көрсетіп отыр.
Марқұмның 95 жылдығын біз шәкірттері өз күшімізбен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырып өткіздік. Ал билік жағынан тым-тырыс, ешқандай ұсыныстар болмады. Тұйықта көсем болған С.Зимановтың 100 жылдығы да өз дәрежесінде атап өтілмеді, тек қана дөңгелек үстел, жәй конференциялардың деңгейінде қалды.
Академик Салық Зиманов егемен еліміздің негізін қалауға, тұңғыш Декларацияны жасауға және тұңғыш Конституцияны жасауға орасан еңбек сіңірген азамат. Ол кісінің тәрбиелеген шәкірттері республика деңгейінде әртүрлі жауапты қызметтер атқаруда.
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп Абай атамыз айтпақшы, бәріміз осы ғасырдың куәгеріміз. Сондықтан Салық Зимановтың мемлекетке, қоғамға сіңірген еңбектерін ескере отырып, және де қазақ зиялылары, академиктері Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Ғарифолла Есім, жазушы-ақындар Нұрлан Оразалин, Есберген Алауханов, Дархан Мыңбай, Нұртөре Жүсіп, Қали Сәрсенбай, тағы басқа отанымыздың абзал азаматтарының ұсыныстары бойынша «Қазақстанның халық қаһарманы» атағын беруді орынды деп есептейміз.

Есберген АЛАУХАНОВ,
Зимановтанушы, заң ғылымдарының докторы,
профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері», Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық
кеңесінің мүшесі

Қазақстанның 13 өңірінде балалар әлі де үйден оқып жатыр

Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті.

Дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылуы мүмкін – ДСМ

Қазақстанда дәрі өндіруге пайдаланылатын импорттық шикізатты ҚҚС-дан босату жоспарланып отыр.

ДДСҰ әлемде қызылша ауруының қайта өршігенін ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа есебінде әлем қызылшаның қайта өршгені айтылды.

Идущие на красный свет в пожарище огня

СИСТЕМА ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛА ЛИДЕРОМ ПО МИЛЛИАРДНЫМ ПОКАЗАТЕЛЯМ КОРРУПЦИИ. НЕСМОТРЯ НА ПРИЗНАНИЕ ПРОБЛЕМЫ НА ВЫСШЕМ ГОСУДАРСТВЕННОМ УРОВНЕ МЫ ВИДИМ, ЧТО С ХИЩЕНИЯМИ БЮДЖЕТНЫХ СРЕДСТВ БОРЮТСЯ УЖЕ ПОСЛЕ СВЕРШИВШЕГОСЯ. ПРИ ЭТОМ НИ ДЕЙСТВЕННОГО АНАЛИЗА ЕЕ ГЛУБИННЫХ ПРИЧИН, НИ РЕАЛЬНЫХ ШАГОВ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ ЭТОМУ РАЗРУШИТЕЛЬНОМУ ЯВЛЕНИЮ НЕ ОЩУЩАЕТСЯ.

2026 жылдан қандай өзгерістер күшіне енеді?

2026 жыл Қазақстанның зейнетақы жүйесі үшін бетбұрыс кезең болмақ. Бірнеше жыл бойы талқыланып келген өзгерістер енді толық күшіне еніп, азаматтардың жинаққа қолжетімділігі мен оны пайдалану тәртібіне де өзгерістер енгізілмек.